Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Психологиялық ахуал.
Ортасы
Қайырлы күн, құрметті балалар және қонақтар! Балалар, бүгінгі біздің ашық сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Балалар, бүгін біз «Мен өскенде кім болам?» тақырыбына ашық сабағын өткізгелі отырмыз. Олай болса, балалар, жақсы сөз жадыратар демекші бір-бірімізге бұрылып қарап жүрегіміздің жан-жылуын сыйлайық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып, ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан жағым.
Тәрбиеші: Мамандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық
Айналаң толған өнеге.
Тыңдайық қане, ойнайық,
Білімге терең бойлайық.
Оқыған маман – шын маман,
Мамандық алмай қоймайық.
Үйренем десең жалықпа,
Мамандық сырын анықта.
Еңбектің бәрі – мамандық
Жер-көктің бәрі – мамандық.
Мамандық таңдауда мектеп қабырғасынан болады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.