Сабақтың тақырыбы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына-150 жыл. Сабақ мақсаты



бет23/48
Дата18.10.2023
өлшемі0,55 Mb.
#118044
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
Байланысты:
ҚМЖ тәрбие сағаттары

Балалардың пікірлері тыңдалады.
Тәрбиеші:
Әсемпаз болма әр неге
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан, - деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. Біздің таңдауымыз да әр түрлі. Біреуіміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз керек. Жаман мамандық жоқ. мамандықтың бәрі жақсы.
Оқушы: Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда. Адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі. Мамандық бойынша адам жұмыс істейді. Оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық. Белгілі бір кәсіпке ие болу, арманды іске асыру. Мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады.
Тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.
Мақал-мәтелдер.
Ендігі кезекте мақал-мәтелдер. Балалар, мамандыққа байланысты кім қандай мақал біледі?

  1. Еңбек түбі – береке,

Еңбек түбі – зейнет.

  1. Еңбегі аздың өнбегі аз.

  2. Ұстаның бізі сүйкімді,

Жақсының сөзі сүйкімді.

  1. Шебердің инесі де алтын,

Соққан күймесі де алтын.

  1. Жатқанға жан жуымас,

Жалқауға мал құралмас.

  1. Құс қонбаған көл жетім,

Ел қонбаған жер жетім.

  1. Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

  1. Шебердің саусағы асырайды.

  2. Еріншектің ертеңі бітпес.



«Менен сұрақ, сенен жауап».
- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, зергер, дәрігер, шахтер, тігінші).
- Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер? (Машина, ұшақ, кеме, автобус, мотоцикл, велосипед т.б.)
- Қандай мамандық түрлерін көбірек естисіңдер? (Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, зергер, дәрігер, шахтер, тігінші).
Сергіту сәті
Анам менің сауыншы,
Апам менің қауыншы,
Әкем менің қауыншы,
Атам болса ол ұста.
Бәрі-бәрі жұмыста,
Отырмайын мен текке,
Кеттім мен де мектепке.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет