Жаңа сөздер. 3 минут Ит, қарғыбау, күшік, құйрық, құлақ, үйшік, үреді, ақылды, күзетеді.
1-тапсырма. СЖ, ТЖ 6 минут Мәтінді тыңдаңыздар, мәтінді тізбек бойынша оқыңыздар, аударыңыздар. Мәтін негізінде сұрақтарға жауап беріңіздер.
- Әлібектің күшігі бар ма?
- Оны қалай атайды?
- Күшігі қандай?
- Ақтөстің қарғыбауы қандай?
Әлібектің күшігі бар. Оның аты- Ақтөс. Күшік ақылды. Ақтөстің құлағы, құйрығы қара. Күшіктің қарғыбауы бар. Қарғыбауы әдемі. Күшігі Әлібекпен ойнайды. Олар – дос.
Дескриптор.
Мәтінді тыңдады, оқыды, аударды;
Сұрақтарға жауап берді;
Кері байланыс: «Бағдаршам» Қызыл түс – мен тығырыққа тірелдім, ештеңе түсінбей қалдым.
Сары түс – мен түсінемін, бірақ барлығын емес.
Жасыл түс – мен жақсы түсіндім және басқаға да түсіндіре аламын.
Сергіту сәті.1 минут
2-тапсырма. ТЖ 13 минут «Қабырғадағы рөл» графикалық органайзер арқылы мәтіндегі негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Дескриптор. Негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтады.
Қалыптастырушы бағалау: «Жапондық бағалау»