Ортасы
|
1-тапсырма. Оқушылар деңгейлік тапсырма орындайды.
1-топ. Мәтіннен сапалық және қатыстық сын есімдерді тауып, көшіріп жазады.
2-топ. Мәтіндегі сын есімдерді тауып, шырай жұрнақтарымен түрлендіреді.
3-топ. Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтап, хронологиялық картасын жазады.
2-тапсырма. «Алып шаһардағы бағдаршам» тақырыбында ертегі жазып, ең үздік жұмысты анықтайды.
3-тапсырма бойынша оқушылар ізденімдік тапсырма орындайды. Бағдаршам туралы энциклопедиялардан, газет-журналдардан қызықты ақпараттар жинайды.
4-тапсырма. Дидактикалық материалдарда берілген мәтінде көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып толықтырып, өлеңді жаттап алады.
|