Сабақтың тақырыбы Анаэробты және аэробты тыныс алу



бет1/2
Дата03.12.2023
өлшемі131,89 Kb.
#134203
түріСабақ
  1   2

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
9.6А Тыныс алу

Мектеп: "А.Байтұрсынов атындағы №5 ЖОМ"КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кеншинбаева В.

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Анаэробты және аэробты тыныс алу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.1 тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдаланып, анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістерін салыстыру;

Сабақ мақсаттары

- анаэробты және аэробты тыныс алумен танысу;

  • анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділігін салыстырмалы сипаттау;

Бағалау критерийлері

  • Анаэробты және аэробты тыныс алуды сипаттайды.

  • Тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдаланып, анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістерін салыстырады.

  • Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділігімен анықтайды.

Дағдылар

  • Жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті;

  • АКТ саласындағы дағдылар.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен терминдер: анаэробты тыныс алу, аэробты тыныс алу, гликолиз, глукоза, пирожүзім қышқылы, АТФ, энергия.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Тыныс алу үдерісінде қандай заттар бөлінеді және сіңіріледі?
2. Қандай ағзалар аэробты, ал қайысы анаэробты деп аталады? Неге?

Құндылықтарға баулу

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
- қарым-қатынас жасау қабілеті;
- пәндік білімін өмірде қолдана білуі.

Пәнаралық байланыс

Химия, физика

Алдыңғы білім

8.1.4.2 тыныс алу және тыныс шығару механизімін түсіндіру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар



Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу. Сыныпқа жағымды атмосфера орнату.
Асық түстері бойынша 3 топқа бірігеді.
Әр топ басшыларына бағалау парақшасы таратылады.

Алдыңғы сабақты пысықтау мақсатында «Бір қадам алға» әдісі бойынша сұралады.


1.Қоршаған орта жағдайы мен флоэма бойынша заттар тасымалы өзара қалай байланысты?
2.Флоэма бойынша заттар тасымалы не үшін керек екенін түсіндір?
3.Флоэма бойынша зат тасымалына әсер ететін сыртқы факторларының түрлерін ата?
4.Тыныс алудың типтерін ата?
5. Тыныс алудың маңызы.

асық суреттері







Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
1 – тапсырма.
«Аукцион» әдісі

  1. топқа 3 тақырып беремін

1.Анаэробты және аэробты тыныс алу.
2.Анаэробты және аэробты тыныс алудың химиялық реакцияларын салыстыру.
3. Анаэробты және аэробты тыныс алудың тиімділігі.
3 топ берілген тақырып бойынша«Хабарландыру»
жасауы тиіс.

Дескриптор:


1.Тыныс алу түрлерін және тиімділігін айтады;
2. Анаэробты және аэробты тыныс алудың химиялық реакцияларын салыстырады;


ҚБ. «Алтын асық» әдісі
2-тапсырма. «Сәйкестендіру».
Анаэробты және аэробты тыныс алудың химиялық реакцияларын мынадай үдерістер көрсетеді.
Ең жинақталған түрде бұл реакция теңдеуін былай көрсетуге болады:
Анаэробты үдеріс – C2H12O6 2C3H6O3 + энергия 2 АТФ синтезіне жеткілікті.
Аэробты үдеріс – C6H12O6+О2 6CО2+H2О + энергия 36 АТФ синтезіне жеткілікті.
Оларды ретімен қарастыратын болсақ, осы екі үдерістің жалпы теңдеуі мынадай болуы тиіс:
C6H12O6 2C3H6O3 + O2 6CО2+H2О

2 АТФ 36 АТФ

Дескриптор:


- тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдаланып, анаэробты және аэробты тыныс алу үдерістерін салыстыраалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет