Сабақтың тақырыбы: Қант диабетімен ауыратын науқастарды өзін-өзі күтуге оқыту



бет2/6
Дата08.12.2023
өлшемі19,22 Kb.
#134830
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Оқушы білуі тиіс:
Эндокринді мүшелердің қызметі бұзылған кездегі белгілері.
Науқасты объективті тексеру әдістері.
Эндокринді мүшелерінің қызметі бұзылған кезде пациент күтімі.
Оқушы істей білуі тиіс:
Қант диабеті кезінде пациенттерге күтім жасау
Диабеттің пайда болу оның негізгі себептерін
Диабеттің алдын-алу.
Қант диабет қандай ауру
Қант диабеті тәуекел факторлары
Сабақтың барысы


I Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин
II Теориялық білімін тексеру -20 мин
III Лобороториялық жұмыстарды көрсету немесе іс-әрекеттерді демонострациялау-40 мин
IY Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық -5 мин
Y Оқушылардың өзіндік жұмысы -90 мин
YI Жаңа сабақты бекіту – 15 мин
YII Қорытындылау – 5мин
YIII Үйге тапсырма – 2 мин


I Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
II Теориялық білімін тексеру
Тестер:
1.Диффузды улы зоб ауруына тән белгі:
А) сөзінің баяулығы, сылбырлығы,
В) ауызынан ацетон иісінің шығуы,
С) көз жанарының жарқырауы,
Д) мұрыны, иегі үлкейді,
Е) жүрегі сирек соғады
2. Гипотиреоз ауруының негізгі пайда болу себебі:
А) белоктың жетіспеушілігі
В) йодтың жетіспеушілігі
С) қанттың азаюы
Д) қанттың көбеюі
Е) темір машылығы
3. Ортотолуидин (Самоджи Нельсин) әдісімен анықтағанда қандағы глюкозаның қалыпты деңгейі:
А) 2,5-4,5 ммоль/л,
В) 2,78-5,27 ммоль/л,
С) 4,4-6,6 ммоль/л,
Д) 33-5,5 ммоль/л,
Е) 11,6-15,5 ммоль/л.
4. Инсулиннің атқаратын қызметі:
А) артерия қысымын төмендетеді
В) артерия қысымын жоғарлатады
С) қандағы қант деңгейін жоғарлатады
Д)қандағы қант деңгейін төмендетеді
Е) гемоглавинді жоғарлатады
5. Қант диабеті ауруының негізгі белгілері:
А) аузы құрғайды, шөлдейді, несепке көп шығады
В)несеп көлемі азаяды
С) буындары ауырады,
Д) бауыры ұлғаяды
Е) іші өтеді
6. Қант диабеті ауру мына бездердің қайсысының қызметі бұзылғанда пайда болады:
А) қалқанша безі
В) бүйрек үсті безі
С) ұйқы безі
Д) гиповиз
Е) құлақ жанындағы без
7. Қандағы қант деңгейі жоғарлаудан ессіз күйге енгенге көрсетілетін шұғыл жәрдем:
А) инсулин салу керек
В) қырық пайыз глюкозадан қырық мл
С) тәтті шай беру керек
Д) лазикс салу керек
Е) тіл астына бір түймедақ нитроглицерин салу.
8.Қандағы қант деңгейі төмендеуден ессіз күйге енгенде көрсетілетін шұғыл жәрдем:
А) инсулин салу керек
В) қырық пайыз глюкозадан қырық мл алып көк тамырға салу керек
С) тәтті шай беру керек
Д) лазикс салу керек
Е) тіл астына бір түймедақ нитроглицерин салу
9.Қандағы қант деңгейі жоғарлаудан ессіз күйге енгенде мына белгілердің қайсысы тән емес:
А) науқас шөдейді
В) ауру жай басталады
С) терісі ылғалды
Д) аузынан ацетон иісі шығады
Е) терісі құрғақ
10.Қандағы қант деңгейі төмендеуден ессіз күйге енгенде мына белгілердің қайсысы тән емес:
А) ауру кенеттен басталады
В) денесі дірілдейді
С) терісі ылғалды
Д) аузынан ацетон иісі шығады
Е) сөйлегенде сөзі түсініксіз.
Жауабы.
Бақылау сұрақтар:
1.Диабеттің пайда болу оның негізгі себептері?
2.Диабеттің алдын-алу.
3.Қант диабет қандай ауру?
4.Қант диабеті тәуекел факторлары?
Жауабы:
1.Тұқымқаулаушылық. Диабетке бейімділік тұқым қуалайды.
2.Диабетті алдын алу үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру керек: тамақты артық жемеу, көкөністер мен жемістер көбірек қолдану,шылым шегудіден,алкогольден,есірткіден бас тарту,дене шынықтырумен шұғылдану, стресстерді болдырмауға тырысу және т.б. Сонымен қатар, жыл сайын профилактикалық тексеруден өтіді және қандағы қанттың деңгейін тексеріп отыру.
3.Қантты диабет-инсулиннің жетіспеушілігінің әсерінен көмірсулар алмасуы бұзылуы, қанда және зәрде глюкозаның деңгейі ұлғаюмен сипатталатын ауру.
Ағза жасушаларын глюкозамен қамтамассыз ететін инсулинді ұйқы безі өндіреді. Істің мәні,қант өз бетімен жасушаларға сіңе алмайтын себептен, қанда қалып қоятындығында. Бұл гипергликемияға қандағы қант деңгейінің ұлғаюына әкеледі, ал ол өмірге қауіпті болуы мүмкін.
1-глюкозаға шыдамдылықтың бұзылуы
Аш қарынға гипергликемия (глюкозаның қанда көтерілуі 5,6 ммоль/л жоғары
Гестационды қант диабеті (жүктілік кезінде пайда болады)
Салмағы 4,5 кг асатын бала туу
Артериалды гипертония (дәрігердің қабылдауында болғанда артериалды қысымның саны үш рет 140/90 мм.рт.ст. асуы.
Дислипидемия-липидті (майлы) алмасуы көрсеткіштерінің бұзылуы
Триглицидтер (холестериннің қан тамырларындағы тасымалдаушылары) – 2,2 ммоль/мл
Абдоминальды семіру- (ерлер түрінде немесе алма тәріздес семіру жағдайында қант диабетінің өте жоғары даму дәрежесінде 2-ші түрінде атеросклероз, инсульт,жүректің ишемиялық аурулары және кенеттен өлімге алып келу қаупін қамтамассыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет