Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өлшеу Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі77,55 Kb.
#107180
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
8 сынып 1

1-тапсырма Топтық, жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Екі топқа тапсырманы беремін. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді: бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, соңында топ болып өз жауаптарын айтады.
І топ: Алфавит қуаттылығы-84 символ, ақпарат көлемі 2,5Кбайт болса, мәтінде қанша символ бар?
ІІ топ: Хабарлама 3 беттен тұрады, әр бетте 25 жол бар. Әр жолда 60 символ жазылған. Хабарламадағы барлық ақпарат көлемі 1125 байт болса, қолданылған алфавитте қанша түрлі символ бар ?
Дескриптор:

  • Алфавитте қанша символ бар екенін анықтайды;

  • Алфавиттің қуаттылығын өлшей алады;

  • Берілген мәтіннің ақпараттық көлемін анықтай алады

Оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
2-тапсырма Топтық жұмыс. «Серпілген сауал» әдісі

I топ.

  1. А тайпасында 32 символдан тұратын алфавит бар. В тайпасының 64 символдан тұратын алфавиті бар. Аталған тайпалардың көсемдері хатпен алмасты. А тайпасының хаты 8 символдан, ал В тайпасының хаты 70 символдан тұрады. Хаттағы ақпарат көлемін салыстырыңдар.

II топ

  1. Салыстырыңдар (қарым – қатынас таңбасын қойыңыз)

а) 200 байт және 0,25 Кбайт.
b) 3 байт және 24 бит.
с) 1536 бит және 1,5 Кбайт.
d) 1000 бит және 1 Кбайт.
е) 8192 байт және 1 Кбайт.
Топтық өзара бағалау жасайды


Дескриптор

  • Берілген тапсырма бойынша оқушылар ақпарат көлемін салыстыра алады;

Бір ақпарат өлшем бірлігін басқа өлшем бірлігіне ауыстырып салыстыра алады
Оқушыларды смайлик арқылы бағалау
3-тапсырма
(Компьютерде MS Excel программасында орындау)
А). Компьютерде терілген мақала 30 беттен тұрады, әр бетте 40 жол бар, әр жолда 50 символ бар. Мақаланың ақпараттық көлемі қандай?
В). Компьютер арқылы терілген кітап 150 беттен тұрады. Әр бетте 40 жол бар, әр жолда 60 символ бар. Кітаптың ақпараттық көлемі қандай? Жауабы Кбайт және Мбайтпен есептеңдер.

Дескриптор

  • Ақпараттың көлемін формула арқылы есептей алады;

  • Ақпараттың көлемін есептей алады және бір өлшем бірлікті басқа өлшем бірлікке ауыстыра алады;

  • Есептің шығару жолдарын дұрыс қолдана біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет