Тайыр Жароков ЕҚБ-тапсырма 3-тапсырма «Дәлелде» айдары Ақынның «Мұнай – өмірдің көлі» деген ойын түсіндіріңдер.
Мұнай – өмірдің көлі
Біздің табиғи байлықтарымыздың ішінде мұнайдың орны ерекше. Мұнай экономиканың барлық саласымен тығыз байланысты. Мұнайдан бензин ғана өндірілмейді, сонымен қатар ұялы телефондар мен компьютерлер, ұшақтар, тіс пастасы, кір жуу ұнтағы, дәрі –дәрмектер және т.б. жасалады
ЕБҚ-тапсырма 4-тапсырма «Біліміңді қолдан» айдары Мұнай сөзін естігенде еліміздің қай
аймақтары есіңе түседі?
Мұнай еліміздің Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан аймақтарында шығатындықтан, осы аймақтар есіме түседі.
5-тапсырма Ақынның мақтаныш сезімін білдірген сөздерін тауып оқы
Ақыннның мақтаныш сезімін білдіретін сөздер:
Жайнаған біздің байтақ жер кенге бай
Тең келер біздің елге ел бар қандай?!
6-тапсырма «Түсініп оқы » айдары Маңғыстау
Кеше батпақ, құба шөл –
Маңғыстаудың даласы.
Бүгін байлық тұмасы – ол
Шүпілдеген шарасы.
Атқылатып тереңнен,
Қақ жарып жер өзегін.
Асырады кемерден
Газ бен мұнай өзенін
Алынбаған кені көп,
Маңғыстаудың қонында.
Еңбекте озған ері кө,
Жеңіс пенен той мұнда.
Әбубәкір Қайранов
Мұнайдүниежүзінің көптеген елінде өндіріледі. Қазақстанда мұнай кен орындары Орал – Ембі, Маңғыстау алабында орналасқан.
Мұнайдың шаруашылықтағы рөлі үлкен. Ол – сұйық отын өндіретін басты шикізат. Мұнайдан бинзин, дизель майы, керосин, т.б. алынады
Мұнайдан не алынады? Суретті пайдаланып, сұраққа жауап бер
Мұнай – сұйық отын өндіретін басты шикізат. Мұнайдан бензин, керосин, дизель майы, иіссулар, бояулар, автокөлік дөңгелектері, синтетикалық маталар мен пластмассалар , кір жуу ұнтақтары, кремдер мен мазьдар т.б. өнімдер жасалады. Мұнайсыз өмірді елестету мүмкін емес
Өлеңдерде мұнайлы өлкенің бүгінгі мен келешегі қалай сипатталған?
Мұнайлы өлкенің келешегі зор, байлығы көп , әлі алынатын кені мол