Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым-айтылым дағдысы қалыптасады.
Жазылым-айтылым: 1. Сұрақ: «Астана – Қазақстан халқының мерейі мен мәртебесі» дегенді қалай түсінесің? Жауап:
2. Сұрақ: Автор «жаңа елорда», «жаңа бейнесі», «жарқын келбеті», «дүниенің сегізінші кереметі», «арман қала» деген тіркестерді не себепті қолданған? Жауап: 3. Сұрақ: Астана әлем жұртын несімен таңдандырады? Жауап:
4. Сұрақ: Астана қаласының басқа қалалардан ерекшелігі неде деп ойлайсың? Жауап: