Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№3-тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бер.
|
1. «Қасиетті өлке, мекен» дегенді қалай түсінесің?
2. «Жаңа Астана – ежелгі Қазақ жерінің төрі» деп неліктен айтылған?
3. Өзің қай жерде тудың? Сол елді мекен туралы аңыз әңгіме білесің бе? Айтып бер.
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл.
- Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық,
жұмыс дәптерлері.
|
|
№4-тапсырма
Суреттегі заттарды атап, сәйкес себеттерге орналастыр. Бұл қандай сөздер? Ойлан
|
Айтылым-жазылым:
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым-жазылым дағдысы қалыптасады
Дескриптор:
Жалпы -4 балл.
- Суреттегі заттарды атайды
-Сәйкес себеттерге орналастырады.
- Бұл қандай сөздер екенін анықтайды.
|
Оқулық, жқмыс дәптерлері.
|
|
№5-тапсырма:
Қазақ тілі, география, биология, математика пәндері бойынша өзің білетін терминдерді жаз.
|
|