Сабақтың тақырыбы: Астана-әсем қала



бет2/6
Дата31.12.2021
өлшемі0,61 Mb.
#23031
1   2   3   4   5   6


Абай шығармашылығы хақында алғашқы пікір айту-19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың алғашқы жылдарында басталған болса, тілі жайында да алғаш рет сөз қозғау осы тұстарға саяды. Әрине, бұл әңгіме ұлы ақынның тілін нақты түрде талдау емес, жалпы тұжырым айту, қазақтың поэтикалық дүниесінің тіліне жаңа лептің келгенін атау түрінде болды. 1901 ж. қазақ даласынан жиналып, Орыс географиялық қоғамына жіберілген өлең үлгілерінің ішінде Абайдың жылдың төрт мезгілі туралы өлеңдері: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деп басталатын туындылары болды. Осы материалдарды редакциялап, баспаға дайындауды қолға алған орыс түркологі П. М. Мелиоранский, авторы кім екенін білмесе де, бұл өлеңдердің өзге шығармалардан бөлекше тұрғанын, олардың жазба әдебиет үлгілеріне жататынын айтты. Абай поэзиясы және оның тілі жөнінде қазақтардан түңғыш рет арнайы пікір айтқан - Ә. Бөкейханов. А. Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1913 ж. 39-41-сандарында «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақала жариялап, ақынның өмірбаянынан қысқаша мәлімет бере келіп, оның поэтикасын сөз етті. Ал С. Торайғыров «Айқап» журналының 1913 ж. 22-23-сандарында «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақаласында сол тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн-мәнімен қатар, тілін де азын-аулақ сөз етеді, тіл жағынан Абай өлеңдерін өте жоғары қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет