Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтары. Жүгіру немесе денені қыздыру жаттығулары кезіндегі іс-әрекеттердің жауапкершілігінтүсінеді, команда болып жұмыс жасайды. Гимнастика сабағы кезінде, әділ және таза орындауға, бағалуға ынталанады. Оқушылар бір-біріне қиянат жасап, немесе кекетіп көрсетуден аулақ болуға үйренеді. Оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыру, ойын барысында әділ болуға баулу. Топпен, жұппен жұмыс барысында оқушыларға ынтымақтастық, достық, адамгершілік қасиеттерін дарыту.
Академиялық әділдік, басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу. Білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік дағдыларды дамытуды қамтиды.
|