Дайындық бөлім:Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу, сабақ мақсатын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.
Дене қыздырыну жаттығуларының ережесі (мұғалім тарапынан айтылады): - жүгіруді бірден жоғары қарқынмен бастауға болмайды. Себебі, бірден қатты жүгірген адам тез шаршайды да, межелі жерге жете алмай қалуы мүмкін; - жүгіруді, секіруді және лақтыруды баяу бастап, жылдамдықты біртіндеп үдете беру қажет.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Сынып шағын топтарға бөлінеді. Оқушылармен «Айна» ойынын ойнау арқылы жалпы дамыту жаттығуларын орындау кезінде бір біріне түсіндіре сөйлеу арқылы, қалай орындалуы жайында жеткізу.
Оқушылар 8 – 10 немесе 16-18 рет орындалатын кешенді жаттығудан тұратын таңертеңгілік гигиеналық гимнастика кешенін талқылайды және орындайды.
Мұғалім үшін ысқырық, секундомер тексеру журналы.
Сабақтың ортасы
Топта оқушылар тақырыпқа арналған мүмкін болатын ойлармен алмасады: денсаулық құрамдас тары: Одан кейін топтар ойлар тізбегін ұсынып, оларды бір бірімен талқылайды. Талқылаудан кейін олар денсаулықтың негізгі құрдастарын таңдайды.
Ұстаз, топтарды бақылап және олардың жауаптарын тыңдап, жауаптарды нақтылау үшін оқушыларға сұрақтар қояды:
Денсаулыққа қандай құрамдас тар кіреді?
Сау болу үшін не жасау қажет?
Денсаулыққа қандай физикалық жаттығулар әсер етеді?
Денсаулық құрамдас тарына әсер ететін теріс факторларды тәуекелін қалай азайтуға болады?
Оқушылар арнайы - жүгіру жаттығуларын орындайды:
Жамбасты жоғары көтеріп жүгіру 30-40м
Жылдамдықпен жүгіру 50-80м
Сирақты артқа лақтырып жүгіру 30-40м
Жылжымалы қадаммен жүгіру 30-40м
Секіру қадамдарымен жүгіру 30-40м
Жылдамдықпен жүгіру және серпінмен жүгіру 30-40м
Алмастырып жүгіру 30-40м
Қарапайым жүгіру эстафеталары
Оқушылар 5-10 адамнан командаларға бөлінеді. Тапсырма - белгіленген бұрылыс пунктіне дейін жүгіріп бару, оны айналып өтіп кері қайту, командадағы келесі мүшенің алақанына алақанды тигізу, содан кейін ғана ол жүгіруді бастайды және т. с. с. Барлық эстафеталарда алғаш мәреге жеткен команда жеңіске жетеді.
Ұстаз өзінің қалауы бойынша эстафетаны түсіндіре алады.
Сұраңыз: Денсаулық құрамдас тарына қандай жүгіру жаттығулары әсер етеді? Бұлшық еттерді не үшін шынықтыру қажет?
Ұстаз қарқын барлығына ыңғайлы болу үшін "үлкеннің" жүгіру қарқынын бақылау қажет.
Кең бос алаң.
Жүгіру техникасына сілтеме: Жүгірудің қозғалыс дағдыларын жақсартуға арналған