Сипаттауыштар:
- допты қабылдау сәтінде жартылай отыруды көрсетеді;
- қолдар алға түзу созылады, иықтар алға шығыңқы қойылады.
3-әрекет.
Тура шабуылдау соққылары. Жұптар бір-бірлеріне қарама қарсы тұрып тапсырмаларды кезек-кезекпен орындайды:
- 2-3 адыммен жүгіре екпіндеп секіру арқылы допты екі қолмен тордың үстінен асырып қарсы алаңға лақтыру;
- сол әрекет тек допты оң (сол) қолмен лақтыру;
- допты бір қолмен жоғары лақтырып төмендеп келе жатқан допты еденге барынша қаттырақ ұру;
- торға жақындап келіп бір қолмен допты жоғары лақтырып торды асыра ұру;
- сол әрекетті қайталау тек 2-3 адыммен жігіре екпіндеп келіп орындау;
- жұптың біреуі допты тордан асыра лақтырады ал екіншісі соққыны жүзеге асырады;
- серіктес 3-ші ойын аймағында тұрып допты 2 немесе 4 ойын аймағына көтереді ал екінші ойыншы шабуылдау соққысын оорындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |