Сипаттауыштар:
- допты өзінің үстіне тура және биік көтереді;
- допты қабылдау және жалғау кезінде қолдар білек буынынан бүге ұстайды, саусақтарын бақыраш (ковш) тәріздес қалыпқа келтіреді.
2-әрекет.
Допты төменнен екі қолмен қабылдау (қайталау). Жұптар бір-бірлеріне қарама қарсы тұрып тапсырмаларды кезек-кезекпен орындайды:
- допты төменнен қабылдаудың орындалу үлгісін (имитация) допсыз қайталау;
- допты өзінің үстіне жоғары лақтырып екі қолмен төменнен қабылдау;
- екі қолмен допты жерге ұрып, доптың соғылған жеріне қарай орын ауыстырып, төменге түсіп келе жатқан допты екі қолмен төменнен қабылдау;
- серіктеспен қарама-қарсы тұрудан допты төменнен қабылдауды орындау;
- серітестің біреуі допты лақтырып береді екіншісі допты төменнен қабылдауды орындайды;
- жұптар допты жоғарыдан қабылдап өздернің үстіне жоғары көтереді де төменнен қабылдау тәсілімен кері қайтарады;
- жұптар жоғарыдағылардың барлығын тордың екі жағында тұрудан орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |