- соққы жасау сәтінде екі қол да жоғары көтеріледі, алайды бір қолмен соғуды көрсетеді.
4-әрекет.
Ойынға қосылған допты қабылдау: бірінші қабылдан доп 3-ші аймаққа допты жеткізеді, екінші қабылданған доп 2 немесе 4 аймаққа жалғайды, ал үшінші әрекетте ойыншы секіріп допқа соққы жасайды немесе екі қолмен секіре допты екінші алаңға асырады (үш ойыншыдан жасақталған шағын топтағы жұмыс).
Оқыту ойыны. Сынып толық командаларға жасақталып ереже бойынша ойын ұйымдастырады.
Сипаттауыштар:
- жаттығу кезіндегі жетілдірілген дағдыларды қолданады;
- бір командадағы серіктестерге допты жалғауды жүзеге асырады;
- ойын ережесін сақтайды.
Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалауы тәжірибеленеді. Әрбір тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтап серіктесіне айтып отырады. Бір бірлеріне кеңес беру арқылы қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырады.
Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік.
Тапсырмаларды орындауға қажетті жабдықтар.
Волейбол доптары, волейбол торы.
Мұғалім үшін сабақ тапсырмалар жоспары, көрнекілік құралдар (сурет, таныстырылым, бейнесюжет және т. б. ), ысқырғыш, бағалау парақтары.