Оқушылар жұптарда жұмыс істейді (баскетбол): . Допты алдынан қолдан-қолға ауыстырып, бастан жоғары айналдырып, кеудеден айналдырып, аяқтар арасынан өткізіп алып жүру.
Допты еденге соғып алып жүру:
Эстафета «Конустар арасымен допты жүргізу».
(Т, Ж, Ф) «Балықшы» ойыны. Барлық балалар алаңның бір шетіне сызық бойымен орналасады. Алаң ортасына ойыншыларға қарсы бір оқушы таңдалып, ортаға тұрады. Ойынды бастауға белгі берілісімен ойыншылар допты жерге соғып, алаңның екінші шетіне балықшыға ұсталып қалмай өтеді. Алаң ортасындағы балықшы (оқушы) ойыншыларға қолын тигізіп тоқтатуға тырысады. Ұсталған ойыншы балықшы болып ойын жалғасады.
Ойынның мақсаты: оқушыларды доппен алаңда бағыт өзгертіп тез қозғалуға дағдыландыру.