Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру


Жалпы бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар



бет4/176
Дата24.05.2022
өлшемі20,06 Mb.
#35447
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176
Байланысты:
7қмж472

Жалпы бұлшық еттерді жетілдіретін жаттығулар:
1)Мойын, қол, иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
2) Дене (кеуде,арқа,қарын) бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
3) Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Оқушы өз жұбын табады
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Ысқырық, секундомер, плакат, түрлі түсті маркерлер





Ортасы

Оқушылар экраннан қарап тұрып, қысқа қашықтыққа жүгіру тәсілдері бойынша қойылған сұраққа, теория мен практиканы ұштастыру бағытында түсіндіру,.... көрсету арқылы барынша толығырақ жауап беріп және сол ереже түрін өзі орындап көрсетеді.
1-оқушы:Қысқа қашықтыққа жүгіру төменгі сөре қалпынан басталады. Ол жүгіруді жылдам бастауға және қашықтықты тез жүгіріп өтуге үлкен мүмкіндік береді. Сөреден жылдам шығу үшін , сөре қалыптарын пайдаланады. Ал алдыңғы қалып сөре сызығынан 25-35 см, артқы қалып 70-85 см болуы керек.






2-оқушы: «Сөреге шық!» командасы бойынша не істеу керек?
1.Сөре сызығының алдындағы табанды тірейтін сөре қалыбына немесе ойықтарға аяқтарды дұрыс қою керек!
2.Екі қолды иық кеңдігінен гөрі кеңдеу ашып, сөре сызығының алдында тірек қою керек.
3.Қол шынтақ толық жазылған қалыпта болуы тиіс.
4.Дененің салмағын қолдың саусақтары мен екі тізеге тең бөліп түсіру қажет.
5.Белді аздап ию керек.
6.Басты еңкейтіп, көзді сөре сызығына бағыттауы керек.
7.Осындай қалыпқа келіп бар назарды «Дайындал!» бұйрығын күтуге аудару керек.



3-оқушы:«Дайындал!» бұйрығы бойынша не істеу керек?
1.Кейін қойылған тізені жерден аздап көтеру керек. Бөксені тез немесе тым баяу емес, орташа мөлшерде көтеру керек.
2.Егер бөксе екі иықтан сәл биіктеу көтерілсе, бұл дұрыс қалып болып есептеледі. Себебі бел ақырындап көтерілуі тиіс.
3.Дененің салмағы төрт тірек нүктесіне (екі қол мен екі аяққа) тең бөлініп түсуі қажет.
4.Басты еңкейтіп, көзді сөре сызығына бағыттау керек.
5.Жүгіруді бастағанда тез қозғалу үшін «Марш!» командасына назар аудару керек.

4-оқушы:«Марш!» командасы бойынша не істеу керек?
1.Жүгіруді алғашқы ілгері ұмтылыстан бастау керек.
2.Денені тез түзеп ала қою керек. Алғашқы жүгіру қадамы басылып отырған қалыптан басталады.
3.Саусақтар жерден серпіле көтеріледі. Жартылай бүгілген екі қолды тез әрі қысқа –қысқа сілтеу керек.
4.Көзді бірден жүгіру жолына бағыттау керек.



5-оқушы:Жүгірген кезде саусақтарды қалай ұстау керек?
1.Жүгіріс кезінде қатты тістеніп, жұдырықты түйіп алуға болмайды. Бұл жүгіріс кезінде қол қозғалыстарын қиындатуға алып келеді.
2.Дұрыс. саусақтар еркін бүгілген, білезік буындағы қолдың дасының қарынға (тоқпан жілікке) қатысы табиғи әдеттегі жағдайда болады. Мұның өзі жүгіріс кезінде қолды еркін қозғауға мүмкіндік береді.
3.Жүгіріс кезінде саусақтары қатты жазып ұстауға болмайды, бұл өз кезегінде қол қозғалысына көп күш түсіреді.



6-оқушы:Қысқа қашықтыққа жүгіруді қанша кезеңге бөлуге болады және қалай аталады.
Жауап:Қысқа қашықтыққа жүгіру төрт кезеңнен тұрады.
1.Сөреде тұру
2.Сөрелік қозғалыс(сөреде екпін алу)
3.Қашықтық бойымен жүгіру
4.Мәреге (финиш) жету










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет