Қауіпсіздік ережесін айтып өту 1. Допты екі қолмен төстен-төске тік беру
2. Допты төстен төске жоғарыдан беру
3. Допты екі қолмен төстен-төске еденге соғып беру
Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы: 1.Допты жоғары алға лақтыру техникасын орындайды
1. «Кім жылдам эстафетасы » Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар бір-бірлеп кедергілерден жүгіріп өтіп келу керек қай топ бірінші келсе сол топ жеңіске жетеді
Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы: 1. Кедергілерден өтіп фишкаларды құлатпайды
2. Жылдам жүгіріп бір біріне көмектеседі
2. «Баскетбол добымен кедергілерден өту» Екі команда басшыларында баскетбол добы болады мұғалімнің белгісі бойынша алаңда тұрған кедергілерден жүгіріп өтіп қолындағы допты шеңбердің ішіне салады ал келесі оқушы сол допты алып келеді.Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді.
Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы: 1 допты құлатпай шеңбердің ішіне салады
2 кедергілерді құлатпайды
3. Допты алып жүрумен себетке доп лақтыру эстафетасы. Алаңның шетіне екі топ лекпен сапқа тұрып орналасады.Дыбыс берілген жағдайда лектін алдында тұрған ойыншы допты себетке дейін алып жүреді де себетке допты тастайды,егерде доп себетке түспесе қайтадан допты себетке түскенше лақтырады.Әрі қарай допты алып жүріп лекпен кері қайтады.Допты келесі ойыншы бередіде өзі саптың соңына барады
Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы: -Ережені бұзбай допты алып жүру
-Себетке лақтыру, ережені бұзбай екі адым жасау арқылы орындалады
4. «Допты жалғау және шығыршыққа тастау эстафетасы».
Ойында екі команда болады, ойыншылар баскетбол қалқанына қарсы тұрып бір лек түзейді. Ал, командадағы бір ойыншы қалқанға жақын жерге тобына қарсы қарап тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша лектегі бірінші тұрған ойыншылар қалқанға қарай бет алып допты алып жүреді, ортаңғы сызықтан асқан соң қалқанның қасында тұрған командаласына жалғайды ол өз кезегінде допты шығыршықта тастап кері алып қайтып лектің соңына орналасы, ал бірінші допты алып жүріп бастаған ойыншы қалқанның қасында қалады, солай ойын барлығы жасағанша жалғасады. Эстафетаныбіріншіболыпаяқтаған команда жеңіскежетеді.
Сабақтың негізгі бөлімінен соң оқушылардың жинаған қиындыларын мұғалім алып сәйкесінше кері байланыс береді.