Саптағы бой жазу жаттығулары
- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.
- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.
- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.
- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру
- Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.
- Дем алу, дем шығару.
|
Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Тепе-теңдік сақтау
2-3сек. Денені бір қалыпта ұстап тұру
Сол аяқ алға созылғанда тізені бүкпеу
Жүгіріс үстінде абай болу,қол екі жанға созулы
Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
Қол шапалақ
|