ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. -Қазір бізде қай сабақ? -Ал жалпы әдебиеттің неше түрі бар?
-Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар? -
Біз әдебиеттің қай түрін өтіп жатырмыз?
-Ертегінің неше түрі бар?
-Үйде қандай ертегі оқып келдік?
-«Аяз би» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?,
-Неге «Аяз би» ертегісін шыншыл ертегі дейміз?
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Аяз би» ертегісіне сатылай кешенді талдау.
-Алдымен біз топқа бөлінейік. Ол үшін қазір әр бала мұғалім үстелінен бір-бірден қиылған қағаз кесіндісін алады. Бұл қағаздарда «Аяз би» ертегісіндегі
хан мен қойшы шал арасындағы диалогтан үзінділер келтірілген. Хан сөзінен үзінді алып шыққан оқушылар бір топқа, қойшы шал сөзінен үзінді алып шыққан оқушылар екінші топқа бөлінеміз.
1-топ: «Ата, мына таудың басын қырау шалғалы неше жыл болды?», « Бұл таудың етегін қырау шалғалы неше жыл болды?», «Таудың басынан бұлақ аққалы неше жыл болды?», «Ата, өзіңіз нешеусіз?», «Баба, менің қырық асыранды қазым бар ...»
2-топ: «Бір жиырма жыл болған шығар», «Он бес жыл болды», «Оған да бір он жыл болған шығар», «Ой, шырағым-ай, жатқанда екеуміз, тұрғанда төртеуміз», «Адамына тап болсаң айтқаныңнан да артық етер».