-Міне, балалар, топтастыру стратегиясынан байқағанымыздай, Жаман осы қасиеттерінің арқасында Аяз би атанып, уәзірлер өз қателіктеріни мойындауға мәжбүр болған екен. Сабағымызды қорыту үшін «Аяз әліңді біл, Құмырысқа жолыңды біл» деген даналық сөздің шығу себебіне ой толғап көрейік.
Постер құру
Бізге жеткен деректерге қарағанда Аяз би Майқы бидің заманында өмір сүрген екен. Майқы би Аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. Аяз бидің Құмырысқа деген әрі би, әрі батыр жан серігі болцпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді екен. Бұлар Майқы бидің сенімді билері болған, қазылық құрып, ел мен ел арасындағы елшілік, бітімшілікпен айналысады. Майқы би екі бидің шалыс басқан жерлері болса ескерту жасап, бағыт беріп тотырған көрінеді.