Кері байланыс: «Сұрақ ілмегі» әдісі. (Мұнда білім алушылар грамматикалық тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды.)
Дескрипторға сүйене отырып мұғалім кері байланыс береді.
- Дефис арқылы жазылатын сөздерді есте сақтайды.
- Бас әріппен жазылатын сөздерді анықтайды.
- Тасымалданбайтын сөздерді есте сақтайды.
2. Сөйлемдердегі бас әріппен жазылған сөздерді анықтап, жазылу себебін түсіндіріңдер.
Шәкен Айманов – қазақтың әйгілі актері, тұңғыш кинорежиссер. Ол 1914 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Орта мектепті бітірген соң Семейдегі педагогикалық техникумға түседі.
1932 жылы Ш.Аймановты Алматыдағы Қазақ драма тетарына шақырады. Ол алғашында бірқатар рөлдерде ойнайды. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер сомдап, көпшіліктің ықыласына бөленеді. Әсіресе, Ақан сері, Қобыланды, Отелло сияқты рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды.
Шәкен Кенжетайұлы актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қойды. 1947-1951 жылдар аралығында қазіргі Мұхатр Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас режиссері болды. «Абай әндері», «Жамбыл» көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. Шәкен Айманов қойған «Махаббат туралы аңыз», «Алдаркөсе», «Атамекен», «Тақиялы періште» фильмдері көрермендердің талғамынан шықты. Бұл фильмдер ұлттық кино өнерінде комедия жанрының негізін қалады. 1970 жылы Шәкен Айманов «Атаманның ақыры» атты соңғы фильмін түсірді.
Шәкен Айманов – қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасуына, шыңдалуына жол ашқан дарынды суреткер, шебер актер, ойшыл режиссер.
Дескриптор:
1
|
Бас әріппен жазылған сөздерді анықтайды.
|
2
|
Жазылу себептерін түсіндіреді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |