Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет44/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

1. Жіктеу есімдіктері.
Жіктеу есімдігіне мен, сен, сіз, ол, біз, біздер, сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады. Сан жағынан жіктеу есімдіктері аз болғанымен, қызметі жағынан аса жиі қолданылады. Жіктеу есімдігінің белгілі жақтарға қарай бөлінеді. Мысалы: мен, біз (дер) І жаққа сөйлеуші, сен, сіз (дер)- 2 жаққа тыңдаушы, ол (олар)- 3 жаққа (бөгде кісі) жатады.
Бұлардың осындай бөлінуі жіктеу есімдіктерінің жақтары делініп айтылады.
Жіктеу есімдігінің 3-жағы түркі тілінде сілтеу есімдігімен (ол) ортақ болып келеді. Қазақ тіліндегі 3-жақ «ол» жіктеу есімдігі болып қолданылуын қандай ұғымды жұмсалуына қарай ажыратамыз. Мысалы: ол айтты, ол келді, ол- студент (3-жақ, жіктеу есімдік). Ол кезде, ол адам, ол кітапша (сілтеу есімдігі). Жіктеу есімдігінің сөз түрлендіруші және сөз тудырушы формаларды қабылдау жүйесі төмендегідей:
1.Жіктеу есімдіктері абстракциялық меншікті білдіретін тәуелдік жалғауының түрі –нікі, -дікі аффиксін қабылдайды. Менікі, сенікі, онікі, біздікі т.б.
2.Жіктік ол, олар сөздерінен өзге жіктік есімдектердің бәріне де жалғана береді. Менмін, сенсің, біздерміз, сіздерсіздер т.б.
3 Жіктеу есімдіктердің бәрі де септік жалғауыын жалғай алады. Жіктеу есімдіктердің (мен, сен, ол) жекеше түрінің септелу жүйесінде мынадай бес түрлі ерекшелік байқалады:
1.Ілік, барыс, табыс, шығыс септіктерінде түбір сөздің –н, -л дыбысы түсіп қалады. Менің, сенің, оның т.б.
2. Мен, сен түбірлері барыс септігінде ма (н), са (н) болып өзгеріске түседі.
3. Барыс септігі –ған формасында келеді. Мысалы: мен-маған, сен-саған т.б.
4. Көмектес септігінде түбір мен қосымша байланысты –ы, -і дыбыстары пайда болады. Менімен, сенімен, онымен.
5. ол есімдігінің соңғы л дыбысы септік жалғауларын (жатыс, көмектес) қабылдағанда н дыбысына айналады.
Тілдің даму жүйесінде жіктеу есімдіктерінен біраз жаңа сөздер жасалған. Олар: мендік, сендік, сізшіл, менмен, біздікі сияқты сын есімдер; менменсу, менсіну, меншіктену т.б. тәрізді етістіктер және менше, сенше, бізше секілді үстеулер болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет