1. Есептік сан есімдер. Бұлар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін немесе сандық ұғымды білдіру үшін қолданылады. Үй айдың ішінде бір мал шығын болған жоқ (Б.М.). Тілмаш бір, екі, бес, тоғыз деп барды да, құдай ұрғандай тоқтап қалды (М.Ә.). 1-сөйлемдегі үш, бір сөздері ай мен малдың санын білдіріп тұрса, 2-сөйлемдегі сандар санның өзіндік абстарк ұғымының атаулары ретінде айтылып тұр.
Сан есімдер басқа сөз таптарынан жасалмайды. Бірақ есептік сандардан лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік тәсілдер арқылы бірнеше жаңа сөз жасала алады.
1. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы. Жеті (апта немесе ас), тоқсан, қырқы (қырқын берде) т.б.
2. Морфологиялық тәсіл арқылы. Есептік сан есімдерге әр түрлі сөз тудырушы қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Екілік, төрттік, алтылық (зат сын есім); бесті, төртпақ (сын есім); үшкіл, төрткүл (белгілер сын есім); мыңдап кітап шығарады. Жыл ішінде қалың журнал (Жамбыл). Құлақтанған төңіректегі ел адамдары екілеп, үштеп жасаққа қосыла бастады (Тайшықов).
3.Синтаксистік тәсіл. Бұл тәсіл арқылы жаңа сөздер есептік сандар мен кейбір жеке сөздердің өзара бірігуі негізінде пайда болады. Бесбармақ (тағам), бесжылдық, сегізкөз, онбасы, жүзбасы, мыңбасы, онкүндік, қырықаяқ. Сан есімнің басқа түрлері есептік сан есімнен жасалады.
2. Реттік сан есімдер. Белгілі бір заттар мен құбылыстың орын тәртібін, сандық ретін білдіру үшін қолданылады.
Бұлар дара және күрделі есептік сан есімдерге –ыншы, -інші, -ншы//нші аффиксін қосу арқылы жасалады. Сегізінші класс, он жетінші жыл, үшінші қабат, алтыншы орын. Реттік сан есімдерден жаңа сөздер жасалмайды (тек екіншілей (үстеу), біріншілік жарыс формалары болмаса).
Реттік сандар сөйлемде (практикалық өмірде) сөйлеушінің, я жазушының (сөз иесінің) ойын ретке келтіріп айту үшін де қолданылады. Бірақ реттік сан есімдер ондайда қыстырма сөз есебінде атау (түбір тұлға) немесе шығыс септік формасында жұмсала береді. Мысалы: Бірінші сіз ірі байлардың бірісіз (Ғ.Мүс.). Екіншіден, бергі жердің де жай жапсары суреттелгенін көреміз (Ғ.М.).