Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет65/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Еліктеу сөздердің зерттелуі
Еліктеу сөздер –шығуы құрылысы жағынан ешбір сөз табына ұқсамайтын, қазақ тілі лексикасында ерекше орын алатын, ерте заманнан қолданылып келе жатқан, күнделікті өмірде жиі кездесетін сөздер. Бұл сөздердің зерттелуі, жеке сөз табы болып танылуы кенже қалған.Түркі тілдерінің құрамына енетін қаза, якут, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, түркімен тілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қарай еліктеу сөздер бірде одағай, бірде үстеу сөздердің тобына ендіріліп келген. Түркі тілдерінің ішінде еліктеу сөздері алғаш зерттелген гуваш тілінің ғалымы Н.И.Ашмарин болды. Ол гуваш тілінің еліктеу сөздерін гректің «мимема» деген сөзімен атап, бірнеше еңбектер жазды. Ол семантика жағынан қарастырылып, оларды дыбыстық, қимыл-қозғалыс, түрлі-түстердің көріністері, құбылыстардың бейнелері, баланың тіліне байланысты еліктеуіштер деп бес салаға бөледі.
Н.К.Дмитриев «К изучению османской мимологии» деген еңбегінде түркі тілінің еліктеу сөздерінің семантика, фонетика, морфологиялық өзгешеліктерін айта келіп, одағайдың құрамында қарастырған. Түркологияда еліктеу сөздерді зерттеушілердің бірі –Л.Н.Харитонов. Ол якут тілінің еліктеу сөздерін және сөз тобы ретінде таныған. /Л.Н.Харитонов, «Неизменяемые слова в якутском языке», Якутск, 1943). Ол еңбектерінде еліктеу сөздерді семантикалық ерекшелігіне байланысты: дыбыстық еліктеуіш, бейнелеуіш сөздер деп екіге бөледі. А.Н.Кононов «Өзбек тілінің грамматикасы» деген еңбегінде, еліктеу сөздерді өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайтын, одағайлардың бір тобы ретінде қарастырады. Н.А.Баскаков пен И.А.Батманов қарақалпақ, қырғыз тілдеріндегі еліктеу сөздерді одағай сөздердің бір тобы ретінде қарастырған. Н.А.Баскаков «Каракалпакский язык», ІІ., (фонетика, морфология), М., 1952, 293-бет), И.А.Батманов «Грамматика киргизского языка», выш.ІІ., Фрунзе, 1940, 63-64-беттер. Түркі тілдерінің біразында арнайы зерттеліп, жеке сөз тобы ретінде танылды. С.Құдайбергеновтың «Қырғыз тіліндегі еліктеу сөздер», М.Худайкулиевтің «Түркімен тіліндегі еліктеу сөздер», Р.Кунгуровтің «Қазіргі өзбек тіліндегі еліктеу сөздер» деген зерттеулерінде еліктеу сөздердің өзіндік ерекшелігі мол, ешбір сөз табына ұқсамайтын жеке категория екені дәлелденіп, 9-сөз табы етіп тануды ұсынады.
Орыс тіліндегі еліктеу сөздер туралы А.И.Германович, корей тіліндегі еліктеу сөздер туралы Г.А.Пак, нанай тілінің еліктеу сөздері жөнінде Т.И.Петрова, бурят- моңғол тілі еліктеу сөздері туралы Л.Шагдаров, тәжік тілінің еліктеу сөздері туралы М.Фазыловтардың еңбектерінде айтылды.
Қазақ тіл білімінде еліктеу сөздерді алғаш сөз еткен ғалым –А.Ысқақов. Бұл туралы ол бірнеше еңбек жазды. А.Ысқақовтың пікірінің дұрыс екенін қостай отырып, ғалым Ш.Сарыбаев та бұл сөздер туралы бірнеше еңбек жазды. Бұл ғалымдардың пікірлерінде алшақтық болғанмен, еліктеу сөздердің терминдік атауларында, әрбір құбылыс- бейнелерді баяндауда аздаған ерекшеліктер бар. А.Ысқақов еліктеу сөздерді семантикалық жағынан «еліктеуіш сөздер», «бейнелеуіш сөздер» деген екі салаға бөледі, Ш.Сарыбаев «еліктеуіш сөздер» деп атап алып, оларды «дыбыстық еліктеуіш сөздер», «бейнелеуіш сөздер» деп саралайды. Еліктеу сөздер мектеп грамматикаларында, ертеректе шыққан оқулықтарда одағайлардың бір тобы ретінде аталып жүрді. Кейінірек еліктеу сөздер одағайлар тобынан шығарылып, үстеу сөздердің тобына енгізілген.
Лексика- семантикалық сипаты мен грамматикалық белгілері жеке-жеке зерттеліп, одағай, үстеу сөздердің тобына қате жатқызылып келгендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Қазақ тіл білімінде еліктеу сөздер жеке сөз тобы ретінде жоғары оқу орындарында оқытыла бастағанына 40 жылдан астам уақыт болды. Әр сөз табына еніп келген еліктеу сөздер 1971 оқу жылынан бастап, мектеп оқу программалары мен оқулығында өз алдына жеке сөз табы ретінде ендіріліп, арнайы оқытылып жүр.
Еліктеу сөздер күнделікті тіршілігімізде қолданылатын, көркем әдебиетіміздің барлық жанрында қолданылатын сөздер. Қазақ тіліндегі сөздердің саны әзірше толық анықталған жоқ. Қолымызда жиналған еліктеу сөздердің саны 2000-ға жетті. (Ш.Сарыбаев, Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер, 1960, 3-5-беттер).
Бұл сөздерді арнайы зерттеп жүрген зерттеушілердің бірі Б.Кәтембаева: «Қазақ тілі лексикасында еліктеу сөздердің дербес қолданылатын немесе дербес қолданылмайтын және қосарлана қолданылатындардың 3000-ға жуық түрі бар –деген пікір айтады. (Б.Кәтембаева, Еліктеу сөздерді оқыту, А., 1974, 58 бет).
Еліктеу сөздерді өз алдына жеке сөз табы ете алмайтын өзіндік төрт түрлі ерекшелігі бар: лексика-семантикалық сипаты, дыбыстық ерекшеліктері, морфологиялық сипаты, синтаксистік сипаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет