Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Сөздердің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары



бет73/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Сөздердің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
Сөздер грамматиканың қарамағына түсіп, синтаксистік қызмет атқару үшін өзара берік байланыста болулары керек. Мысалы: мен, жазба, өлең, ермек дегендер - бытыраңқы сөздер. Бұл сөздер біршама аяқталған ойды білдіретіндей сөйлем құрамына енгенде, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...(Абай) дегендей синтаксистік байланысқа еніп, өзара тіркесіп тұруы тиіс. Сонда мен деген сөз жазбаймын деген сөзбен жіктік жалғауы арқылы байланысып, бір тіркес болса, өлеңді деген сөз табыс жалғауы арқылы жазбаймын деген сөзбен байланысып, екінші тіркес болады, ермек үшін деген сөздер жазбаймын деген сөзбен байланысып, үшінші тіркес жасалады.
Сөздер, осылай, өзара тіркесіп барып біртұтас сөйлем болғанда, олар әр алуан синтаксистік тәсілдер арқылы байланысады. Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік тәсілдер мыналар:
1. Жалғаулар (септік,тәуелдік,көптік, жіктік) Мысалы: жастардың міндеті деген сөз тіркесіндегі екі сөздің алдыңғысы ілік жалғауда, соңғысы тәуелдік жалғауда айтылуы арқылы байланысқан.
2. Шылаулар (демеулер, жалғаулықтар) Отаным үшін аттанам, көрген сайын сұрайды дегендер шылаулар арқылы байланысқан.
3. Сөздердің орын тәртібі биік тау, алтын сағат, хат жаз, білім ал деген сөз тіркестері ешқандай жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысқан.
4. Интонация. Бұл - кітап, Сәуле - дәрігер - интонация арқылы байланысқан.
Сөз тіркесіндегі сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы – синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз, орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады.
Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз. Қазақ тіліндегі сөздердің синтаксистік байланысу формалары мыналар:

  1. Қиысу; 2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу ; 5) жанасу

Қиысу – синтаксистік байланыстың көп қолданылатын бір түрі. Қиысу да – сөйлемдегі бағыныңқы мүше (баяндауыш) басыңқы мүшенің (бастауыштың) грамматикалық тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғаланады. Мысалы, Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай) деген сөйлемде мен көрдім – қиыса байланысқан сөздер. Мен деген бастауыштың бірінші жақтық грамматикалық мағынасымен үйлесіп, көрдім деген баяндауышта бірінші жақтық жалғауда айтылған.
Матасу - сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің басыңқыға және басыңққының бағыныңқыға қарай тұлғаланып байланысуы. Осылайша бірімен-бірі қарама-қарсы, матаса байланысатын сөздердің бірі ілік жалғауда, екіншісі тәуелдік жалғауда айтылады. Мысалы: ағаштың бұтағы, сенің кітабың, студенттің жауабы.
Меңгеру - сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде септік жалғауларының (іліктен басқа) бірінде тұрып байланысуы; меңгерілетін сөз табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады да, меңгеретін сөз етістік, есім не сол екеуінің ортақтасқан тобы болады. Осыған қарап меңгеруді үшке бөлеміз: етістікті меңгеру (терезені аш, жайлауға шықты, жолда жатты, түнімен жүрді ). Есімді меңгеру (қойдан жуас, оқуға ықыласты, қалада көп), ортақ меңгеру (айтуға тілім жетпейді, сөзін мақұл көрдік).
Қабысу - сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысы. Қабыса байланысатын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды. Ал бірқатар қабыса байланысатын сөздер сөйлемдегі орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап та тұрады. Ондай алшақ байланыс жанасуға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет