6. Мақсат үстеулер Іс-әрекет, қимылдың не мақсатпен жасалғанын білдіреді. Бұлар өзге үстеулерге, қарағанда сан жағынан өте аз. Сұрақтары- не істеуге? Не үшін? Не мақсатпен? Неге бола? 1. Қасақана сауал бердім, келдім де. 2. Абай Біржанды Құнанбайдың үлкен ауылына әдейі келтірген еді.
Мақсат үстеулеріне мына сөздер жатады: әдейілеп, жорта, әдейі, қасақана. Аналитикалық тәсіл арқылы да мақсат үстеулердің мағынасын білдіреді. Оқуға бола, соған бола т.с.с.
7. Себеп-салдар үстеулер
Қимыл, қозғалыстың неліктен жасалғанын және оның салдарын білдіреді. Сұрақтары- неліктен? Неге? Не себепте? Не үшін? Мысалы, 1. Әлібек амалсыздан (неліктен) тоқтады. 2. Адам көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады.
Себеп-салдар үстеулеріне мынадай сөздер жатады: бекерге, басқа, текке, амалсыздан, лажсыздан т.б.
Топтау үстеулер Іс-әрекет, қозғалыстың бірігуі арқылы (топтық белгісін) немесе жекеленіп істелген- істелетіндігін білдіреді. Бұлар қаншадан? Нешеуден? Қалай- қалай? сияқты сұрақтарға жауап береді. 1. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. 2. Майда бомбалар тастап штурмовиктердің бірнеше тобы бірінен соң бірі үшеулеп, алтаулап, тоғыздап зу-зу өтіп жатты.
Топтау үстеулерін тек сан есімдерге, кейде бірен-саран сандық ұғымдағы сөздерге лап-леп, дап-деп, тап-теп, жұрнағы үстелу арқылы жасалады. Олар: екеулеп, үшеулеп, жүздеп, мыңдап, парлап, топ-тобымен, аз-аздап, рет-ретімен, бас-басына т.б.
Сонымен, сан жағынан үстеулердің ішіндегі ең көбі- бейне үстеулері, одан кейінгісі –мекен, мезгіл, мөлшер, күшейту үстеулері.
Себеп-салдар үстеулері мен мақсат үстеулері бұларға қарағанда анағұрлым.көп.
Үстеулердің сөйлемдегі қызметі Үстеулердің синтаксистік қызметтерін білу үшін алдын- ала үш мәселені анықтап алу қажеттігі туады.
1. Сөйлемде қандай мүше болатындығын.
2. Қандай сөз таптарымен тіркесе алатындығын.
3. Сөйлемдегі орнын білу керек.
Үстеулер сөйлемде әр түрлі синтаксистік қызмет атқарады. 1. Сөйлемде әр түрлі пысықтауыш болады. 1. Кеме жай жүріспен алға (мекен) жылжыды. 2. Анда-санда (мезгіл пысықтауыш) шыңау құдықтан бір шелек көмір шығарады. 3. Мұның бәрін ол жорта (мақсат) істеді. 4. Біз жөн сұрап тез (сын –қимыл) шүйіркелесіп кеттік. Бұл сөйлемдердегі үстеулер етістіктен болған баяндауыштарды пысықтап отыр.
ІІ. Кейбір үстеулер жіктеліп баяндауыш та болады. 1. Мен мұндамын. 2. Мен сенімен біргемін. ІІІ. Қолданылу орнына қарай үстеу сөздер бастауыш қызметін атқарады. 1. Еріншектің ертеңі бітпес. 2. Бүгін- халық мейрамы.
Үстеулер сөйлемде мынадай сөз таптарымен тіркесіп қолданылады:
1. Етістіктен болған баяндауышпен тіркеседі.
2. Етістіктен болған басқа мүшелерді де пысықтайды.
3. Есімдерден болған баяндауыштармен тіркесіп келіп, оларды пысықтайды. а) Бозбаламын мен де енді. 2. Бүгінгі колхозшылар шетінен сауатты.
4. Кейбір үстеулер семантикасына қарай сын есім мен есімдіктен тіркесіп, оны айқындайды. Ол сонша өрескел сөз айтты.
5. Зат есіммен тіркесіп келеді. Сонша алтында қайдан алдың?
Үстеулер сөйлемде өздерінің айқындайтын сөздерінің алдында тұрады.