Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер



бет63/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер
Бұларға бірқатар сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бөлінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады. Мұндай үстеулер көбінесе есімдерден туады. Мысалы: текке, басқа, бірге, әзірге, алға, артқа (барыс септігінің көнеленуінен туған үстеулер), баяғыда, түнда, арттта, қапыда, қапелімде (жатыс), реңінен, ежелден, тосыннан, жүресінен (шығыс), жөнімен, кезекпен, шынымен, ретімен (көмектес).
2. Күрделі туынды үстеулер. Бұлар үш түрлі жолмен жасалады:
Өзге сөз таптарына тән сөздердің бірігуінен туады:
1. Өзге сөз таптарына тән сөздердің бірігуінен туады. Ондай үстеулер мыналар: қыстыгүні, бірталай, бірқатар, неғұрлым, биыл, әлдекімше, ауызекі бірқыдыру, кешқұрым, анағұрлым, бүгін, таңертең т.б.
2. Сөздердің қосарлануы арқылы: көре-көре, сөйлей-сөйлей, сүріне-жығыла, күні-түні, топ-тобымен, бастан-бас.
3. Мағына жағынан бір сөз ретінде қолданылатын грамматикаланған және идиомаланған тұрақты тіркестерден жасалған үстеулер: ала жаздай, алдын ала, күні бұрын, күні кеше, күндерде бір күн, ертеден қара кешке, көздің арасы т.б.
Үстеулердің мағынасына қарай бөлінуі
Сөйлемдерде қоланылу ерекшеліктеріне қарай үстеулер әр түрлі мағына білдіреді. Осы себепті олар мағына-семантикасына қарай сегіз топ-трге жіктеледі: Мезгіл үстеулер, мекен үстеулер, мөлшер үстеулер, бейне үстеулер, күшейту үстеулері, мақсат үстеулер, себеп-салдар үстеулер, топтау үстеулер.
1. Мезгіл үстеулер іс-әрекеттің, қимылдың мерзім- мезгілін білдіреді де қашан? Қашаннан? Деген сұрақтарға жауап береді.
а) Ол сонда ғана әнін тоқтатып, көпке қарады.
ә) Тойға барсаң, бұрын бар, бұрын барсаң орын бар. Мезгіл үстеулеріне мынадай сөздер жатады: әуелі, әзір, әлі, жаңа, енді, кеше, алдымен, ертемен, әуелден, ежелден (туынды түбір); алдыңғы күні, кешкірім, биыл, таңертең, жылма-жыл, анда-санда, апақ-сапақта, күндіз-түні, іле-шала аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды мезгід үстеулер.
2. Мекен үстеулер
Қимыл процесінің бет алыс бағыты мен орнын, мекенін білдіреді. Сұрақтары- қайда? Қайдан? 1. Сен сонда барып қана, ертең осында қайтып кел. Мекен үстеулеріне мынадай сөздер жатады: әрі, бері, жоғары, төмен, кері, арман, бермен, жолшыбай.
3. Мөлшер үстеулер
Іс-әрекет қимылдың және сынның шамалық дәрежесін білдіреді. Сұрақтары- қанша? Қаншалық? Нешелеп? Қаншалап? Үй қызметін істеуге бір адам лайық деп Ақын осыншама айтып еді. Осыншама үстеуі қимылдың шамалық мөлшерін, белгісін мұнша-көп сөзіне қатысты айтылып, сындық белгінің мөлшер дәрежесін білдіріп тұр. Мөлшер үстеулері мыналар: мұнша, онша, осынша, сонша, оншама, неғұрлым, соғұрлым, ондаған, көптеген т.б.
4. Бейне (қимыл-сын) үстеулері
Іс-әрекет, амалдың қалай жасалу тәсілін (істелу жолын) бейнесін білдіреді. Сұрақтары- қайтіп? Қалай? қалайша? кімше? Неше? Кім? сияқты. Ол өлең былай шығарады.
Бейне үстеулері негізгі түбірлі болумен бірге жасалу жолы тұрғысынан морфологиялық және синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады. Үстеулердің басқа топтарына қарағанда бейне үстеулері сөз саны жағынан мол. Олар: бекер, әрең, әзер, кенет, жылдам, ауызша, әлінше, бізше, ойша, осылайша, зорға, өздігінен және т.б. (туынды бейне үстеулері) жайбырақат, біржолата (біріккен түрі) астын-үстін, есен-аман (қосарлану арқылы).
5. Күшейту үстеулері
Қимыл, іс-әрекеттің және заттың сынының мөлшерлік, көлемдік белгілерінің әр түрлі көріністерін кеміте не асыра көрсетеді. Қалай? қандай? сұрақтарының біріне жауап береді. Мысалы: Ағылшындар Индия тарихын орыс мәдениетінен өте жырақ ұстеғен. Ақмешіт тым ұнады, Сырдың түсті суына.
Күшейту үстеулері: аса, әбден, ең, өңкей, нақ, өте, тым, мүлдем, небір, кілең, өте-мөте, ылғи, төтенше, керемет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет