«Есте сақта!» айдарында оқушылар кестеде берілген тірек сөздерге тәуелдік жалғауларының дұрыс нұсқасын жалғап айтады.Оқушылардымәтінбойыншақосымшасұрақтар қоюарқылықосымшалардыдұрысжалғапайтуға жаттықтыруға болады. Мәселен,
6 мин
Топтық жұмыс
оқулық
«Жаттық» айдарында ұсынылған тапсырмада сұрақтарды мұқият оқып, сұраққа сәйкес жауап беріп үйренеді.
А) Үлгі: –Ала жіп кімдікі?
– Ала жіп біздікі, маған беріңіз.
ә) Сөйлемді екінші нұсқаға өзгертіп айтады.
Үлгі: Менің жырым. – Жыр менікі.
Сенің ала жібің. 2. Оның қарындасы. 3. Сәбидің өмірі. 4. Адамның тілегі. 5. Оның тойы. 6. Біздің қонағымыз. 7. Сіздің балаңыз. 8. Біздің камера.
Мұғалім оқушылардың сабақтың соңындағы көңіл күйлерін анықтау мақсатында«Ай» әдісі арқылы (жаңа ай, жарты ай, толық ай) кері байланыс жасайды.
Толық ай – сабақты толық түсіндім;
Жарты ай – мен жартылай түсіндім;
Жаңа ай – менің түсінбегенім басымдау болды.