Рефлексия. «Алма ағашы» әдісіЖасыл түсті алма-мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма-мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ.
6-мин
Мұғалім-сынып
оқулық
«Оқы және жауап бер» айдарында ұсынылып отырған тапсырма ауызша орындалады. Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқиды. Әр топ өзіне берілген бөлік бойынша негізгі ойды анықтап, тақырып қояды.
1-топ.Үзіндіні оқиды, мәтіннің жанрын анықтайды.
2-топ. «Ақпаратты сүзіп алу» әдісімен мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану;
3-топ. Топтың әр оқушысы мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
Саралау мүміндіктері: қабылдау қабілеті жоғары оқушылар мәтін түрлерінің белгілерін біледі, мәтіннің негізгі идеясын түсінеді, қабілеті орташа оқушылар мұғалімнің көмегімен мәтін түрлерінің белгілерін анықтайды, мәтін мазмұнын түсінеді.
Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!
7 мин
Мұғалім - сынып
Оқулық
«Ойнайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға әр топқа жеке жеке суреттер беріледі. Оқушылар сол суреттерге қарап, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Бұл тапсырманы орындауда саралау тапсырмасын орындатуға болады. Мысалы, білім деңгейі төмен оқушылар сурет бойынша сөз тіркестерін құрастырады, ал білім деңгейі жоғары оқушылар сөйлемдер, жай сөйлемдер құрастырады. Осы тапсырманы орындату барысында «Айналма бекет» әдісін қолданған тиімді. Әр топқа берілген суреттер келесі топтармен алмастырылып отырады. Нәтижесінде бір суретпен оқушылар бірнеше сөз тіркестерін, бірнеше сөйлемдер құрастырады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар бір-бірін бағалауды үйренеді. Ең жақсы сөйлем құрастырған топ «Дүркін шапалақ» әдісімен оқушылар тарапынан бағаланады. Тапсырманы орындамас бұрын ойынның шарты айтып түсіндірілуі тиіс.Тапсырма оқушылардың есте сақтауын дамытуға, алған білімдерін бекітуге, сөйлеуін дамытуға арналған.