Т.4.1.3.1тыңдаған материалдың (ұзақтығы2-2,5мин)мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру/болжау
О.4.3.1.1мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу
4.5.1.2 көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану;
Ж. 4.4.2.1 оқыған/аудио/ бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
Мұғалім жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы арқылы тақтадан жаңа тақырыпты көрсетеді. Оқушылар жекелей өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағаз бетіне түсіреді. Содан кейін өз жазғанын жұбымен 3-4 минут талқылайды. Мұғалімнің бағыттауы бойынша топта жұмыс істейді. Одан кейін топ ортақ бір ой жасайды. Әр топ кезегімен жаңа тақырып бойынша ортақ ойға бір-бір сөзден қосады. Мұғалім бірнеше оқушыға өз пікірлерін, жаңа тақырып бойынша қандай сөздер жазғанын оқытады.