Сабақтың тақырыбы Қазақстан кең байтақ Отаным ! Сабақтың мақсаты



бет21/46
Дата03.05.2023
өлшемі0,68 Mb.
#89419
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
Байланысты:
472 тәрб сағ жана

Сынып сағаты

Мектеп атауы:



Бөлім:



ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Педагогтің Т.А.Ә.





Күні:





Сынып:

Қатысушылар
саны:

Қатыспағандар
саны

Сабақтың тақырыбы

«Мемлекеттік тіл менің тілім»



Сабақтың мақсаты

. Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;
ой – өрісін кеңейту;
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Балаларға мемлекттік тілдің өркендеп,оянуына ,мемлекеттік тілімізді сүюге ,мемлекеттік тілді аяққа баспай , мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіңдік ерекшеліктері,салт-дәсүрі, діні, тілі болатынын түсіндіру. Балалардың сөздік қорын молайту , еркін сөйлеуге баулу.



Сабақтың барысы



Сабақтың кезең
/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әркеті

Ресурстар



01.0

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің салт – дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз керек және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек.

Оқушыларға сұрақтар қою.


1. А. Байтұрсынов кім?
2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)
7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)
10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
11. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)
12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
13. Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
14. Абайдың туған жылы. (1845жылы 10. 08)
15. Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т. б)
16. ҚР — ның рәміздерін ата.(әнұран, елтаңба, ту)
17. ҚР — ның астанасы қай қала?
18. Әл — Фараби өмірге келген қала. (Отырар)
19. Ұлттық киімдерді атап беріңдер. (Сәукеле, қамзол, кемешек тақия т. б)
20. Қандай туыстық атауларды білесіңдер.( Нағашы жұрт, қайын жұрт т. б)
Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу.
Тіл туралы мақалдар
1. Тіл тас жарады, тас жармаса…..(бас жарады)
2. Бал тамған тілден…(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты…(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -…(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз…(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің…( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман…( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,… ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз…(желмен тең)
10. Тіл қылыштан… (өткір)
11. Піл көтермегенді,…(тіл көтереді)
12. Тілден артық…(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі…(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы… ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең…(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -…( атылған оқ)
18. Жылы — жылы сөйлесең, жылан…(інінен шығады)
19. Басқа пәле -…(тілден)
20. Білім кілті -… (тіл)
21. Тілге құрмет –(елге құрмет)\

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:


Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп — көп рахмет.



1 — оқушы:
Тілім — арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.
2 — оқушы:
Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
Сені қалай басқаға басындырам?!
«Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-
Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.
Ана тілім – ардағым, жырымбысың,
Аспандағы ай менен күнімбісің?!
Бар сынаққа төзер ем өмірдегі,
Анам және аяулы тілім үшін.

Мақал-мәтелдер:


Бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ
Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді.
Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады
Тіл қылыштан өткір
Көп сөз – бос сөз
Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын
Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі ілім біл

Оқушылар бір біріне тапсырма орындатады:


(мақал - мәтел, тұрақты тіркестердің бір сөзі түсіріліп оқылады. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге аудару)
1. Мектеп кеме, білім ……….. (теңіз, море, sea)
2. Қорада малың болын, кеше………. (талың, дерево, tree)
3. Адам көркі шүберек, ағаш көркі…………. (жапырақ, лист, foliage)
4. Құлан құдыққа құласа, құлағында…………ойнайды. (құрбақа, жаба, frog)
5. Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш…….. болмас.(орман, лес, forest)
6. Бабалар еккен шынарды,…………. Саялар (балалары, дети, children)
7. Қыз өссе елдің көркі, ………. өссе жердің көркі. (гүл, цветок, flower)
8. Біреуге мал қайғы, біреуге…………жан қайғы. (жан, душа, soul)
9. Тіліңмен жүгірме,........ жүгір (білім, знание)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет