01.
|
ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ – БАРШАҒА.
Егеменді еліміздің ертеңі үшін.
Егеменді өркениетті елдің бүгінгі мен ертеңін өрге бастырар жас жеткіншектер екені белгілі. Болашақтың тізгінін ұстайтын жастардың алдағы атқарар іс - әрекеттердің түп - тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты.
Қоғамдағы демократияландыру, құқықтық мемлекет құру бағыты жалпыға бірдей заң білімдерін беру ісін кезек күттірмейтін, алдыңғы лекке алып шықты. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы №2347 «Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, оқушыларға құқықтық білім беру ісіне түбегейлі өзгерістер енгізілді.,
«Кім жылдам?»
«Сен білесің бе?»
«Мақалды тап»
«Жағдаяттан жол таба біл»
«Суреттер сөйлейді»
1. «Таныстыру» кезеңі
Шарты: Әр топ өзінің атауымен, топ мүшелерімен, ұранымен және эмблемасымен таныстырады. Жалпы саны – 50 ұпай.
2.«Кім жылдам?» кезеңі
Шарты: Әрбір қойылған сұраққа қатысушылар түрлі-түсті сигналды қағаздарды көтеру арқылы жауап береді. Дұрыс жауап берген қатысушыға «смайликтер» беріліп отырады. Әрбір дұрыс жауапқа – 10 ұпай.
3.«Сен білесің бе?» кезеңі
Шарты: Ертегілер еліне саяхат жасай отырып, бала құқықтарының баптары жөніндегі сұрақтарға жауап беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа – 10 ұпай.
4. «Мақалды тап» кезеңі
Шарты: Берілген арнайы суретерді пайдаланып, сол суреттер негізінде «бала туралы» айтылған мақал-мәтелдерді табады. Дұрыс жауап берген қатысушыға «смайликтер» беріліп отырады. Әрбір дұрыс жауапқа – 10 ұпай.
5. «Жағдаяттан жол таба біл» кезеңі
Шарты: Әр топқа конвертке салынған жағдаяттар беріледі. Осы жағдаяттарды сахналау арқылы дұрыс не бұрыстығын түсіндіре отырып, бала құқығымен байланыстырады. Жалпы саны – 20 ұпай.
Оқушыларды марапаттау
|
1.БҰҰ-да «Бала құқығы туралы Конвенция» қашан қабылданды? (1989 жыл 20 қараша)
2.Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? (бала туған кезінен бастап)
3.ҚР-ның Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)
4.Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі? (18 жас4/)
5.Әр адамның жеке басын куәландыратын құжат қалай аталады? (төлқұжат)
6.БҰҰ-да «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы» қашан қабылданды? (1948 жыл10 желтоқсан)
1 маусым қандай мереке? (Халықаралық балаларды қорғау күні)
Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан бастап)
«Бала құқығы туралы Конвенция» негізінде Қазақстанда қабылданған «Балалар құқығы туралы» заң қанша тараудан және неше баптан тұрады? (9 тарау, 53 бап)
20 қараша қандай мереке? (Дүниежүзілік балалар күні)
1. «Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы жалмауыз кемпір ұстап алып, баланың өміріне қауіп төндіреді, өлтірмекші болады. Бұл туралы Конвенцияда қандай құқық көрсетілген. Баланың құқығы бұзылды ма? (Иә, 37 бап азаптау және бас бостандығынан айыру)
2. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата-анасынан айырып алған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады, бұл жерде қандай құқығымызды (Иә, К)
1. Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді.
2. Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.
3. Ананың сүті – бал, баланың тілі –бал.
4. Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін.
5. Бала – адамның бауыр еті.
6. Жақсы бала еліне бас болады,
Жаман бала еліне қас болады.
7. Аш бала, тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала, аш болам деп ойламайды.
8. Балалы үйде ұрлық жатпайды.
9. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
10. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
11. Әкені көріп, ұл өсер
Шешені көріп, қыз өсер.
12. Ойнақтаған бала от басады.
Жағдаят № 1
Арман 11 сыныпта оқып жатыр. Ол болашақ мамандығы туралы ойлағанда қатты қиналады. Себебі, Арманның қалаған мамандығы – дәрігер болу. Алайда оның ата-анасы баласының да өздері секілді заңгер болғанын қалайды. Ол «Сен, біздің ісімізді жалғастырасың. Мектеп бітірген соң зағгер болып, таныстарымыздың арқасында прокоратураға жұмысқа қоямыз» деген сөздерді күнде ата-анасынан естиді. Бір жағынан ата-анасының көңілін қалдырғысы келмесе, екінші жағынан асқақ арманын да қимайды.
Тапсырма:
1. Оқиғаны әрі қарай жалғастырыңыздар.
2. Қалай ойлайсыңдар, Арманның ата-анасы заңды бұзды ма? Кейіпкердің орнында болсаңыз не істер едіңіздер?
Жағдаят № 2
Ауыл іші. Түн. Топ бала өлең айтып, шулап жатыр. Олардың жандарынан өтіп бара жатқан 7 -сыныпта оқитын Шынарбек көрші ауылдағы достарымен ойнап, үйіне қайтып келе жатқан еді. Бір кезде ол «Әй, бері кел» деген жуан дауысты естиді. Қатты қорыққан Шынарбек, «мені шақырмаған болар» деп ойлап, қайырылмай кете береді. Сәл жүре бергені сол-ақ екен, артынан жаңағы топ балдардың ішінен Марат жүгіріп келіп, «кел дегенде неге келмейсің деп» Шынарбекті жұлқылап, жағасынан алды. Алдымен темекі, одан соң ақша сұраған Марат, Шынарбекті қорқытқысы келіп пышақ көрсетті.
Тапсырма:
1. Оқиғаны әрі қарай жалғастырыңыздар.
|
ҚР Конституциясы, «Бала құқықтары туралы Конвенция», интербелсенді тақта, смайликтер, түрлі-түсті конверттер, топ аттары жазылған тақтайшалар.
|