Сабақтың басы
5 мин
|
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Психологиялық ахуалды қалыптастыру. “Допты қағып ал” әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту.
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Қызығушылығын арттыру.
Тақтада «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп» мақалы жазылып тұрады.
- мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
- ал білімді қайдан алады? Оқушылардың жауаптары.
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ, қалай ойлайсыңдар?
Оқушыларға сабақтың мақсаттарын түсіндіру:
– елімізде білім саласы қалай дамығанын білеміз;
– Қазақстанның ХХ–ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін түсіндіруді үйренеміз.
|
Бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.
Мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарады. Сұрақтарға жауап береді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.
|
ҚБ. Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
|
Доп
|