Сабақтың тақырыбы Қазақстанның климатын түзуші факторлар Осы сабақта қол жеткізілетін оқу



Pdf көрінісі
бет18/47
Дата06.04.2023
өлшемі1 Mb.
#79943
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Тапсырма № 3 


Берілген мәтінді оқып сақтану шараларын ұсын. Жадынама сурет 
ретінде берілсін.
Мұғалім оқушыларға А-2, А-3 қағаздарын, түрлі түсті қалам таратып 
береді. Оқушылар қысқы мезгілдегі көктайғақ кезіндегі сақтану 
шараларын ұсыну кажет. Оқушылар топқа біріктіріледі. (төрт-бес 
адамнан). 
Қыстың көзі қырауда жазатайым сүрініп кетіп, құлап, жарақат алғандардың 
саны артып кетеді. Осы мезгілде түнгі аяз жердің бетін қатырып, кеше ғана 
жүріп өткен жолымыз айнадай жарқырап, көктайғаққа айналады. 
Мұндайда ғимараттардың алдындағы тепкішектерден алаңсыз адымдау да 
қатерлі. Жерасты жолдарының тепкішектері аязды күні мұз құрсанып қалса, 
ол да жаман. Жүргіншілердің табанымен тапталып, көк мұзға айналған 
аялдама алдында көлікке ілігем деп ұмтылып, оңбай құлап ондалап 
жатқанды да көрдік. 
– Асылы, жалпы ережелерді есте ұстаған жөн. Мысалы, көктайғақта сыртқа 
шығар кезде, аяқ киіміңізді дұрыс таңдаңыз. Оның өкшесі биік емес, табаны 
қалың әрі бұдырлы болып келгені жақсы. Ал, көшеде жүргенде жерді нық 
басып, қолыңызды қалтаға салмай, тепе-теңдікті сақтаған дұрыс. Мұзды 
жерді айналып өту мүмкін болмаса, мысық табандап, қысқа адыммен 
жүруге тырысыңыз, – дейді Республикалық травматология және ортопедия 
ғылыми-зерттеу институтының дәрігері Ертісбай Молдагелдинов. – Қыс 
басталғалы бері біздің бекетке келіп, алғашқы медициналық көмек алып 
жатқандардың басымы – көшеде құлап, жарақаттанғандар. Олардың 
жарасын таңып, гипстеп, күрделілігіне қарай ауруханаға жатқызамыз.
– Түрлі жағдайда қол-аяғы сынып, жарақаттанғандар дәрігер көмегі келіп 
жеткенше қозғалмай жатуы тиіс. Себебі, сүйек сынғанда, жұмсақ етті езіп, 
не болмаса қан тамырларын қиып кетуі мүмкін. Біздер ашық жара болса, 
залалсыздандырып, жарақатын байлап тиісті жерге жеткізем, – дейді 
Алтынбек Мәмбетов. 
Боз кілем үстінде күш сынасқан балуандар қанша жығылса да, ешбір 
жарақат алмайтыны таң қалдырады. Мамандар да осы спортшылардың 
тәжірибесіне жүгінгенді жөн санайды. Бар мәселе дұрыс құлай білуде екен. 
Кейбіреулер «жұмсақ жерге жығылғандар аяқ-қолын шығарып не сын- 


дырып алмайды» деп уәж айтады. Сенбеңіз. Егер дұрыс құлай білсеңіз, 
қандай биіктен құласаңыз да, еш жарақат алмайсыз. 
Аяқ астынан аяқ-қолы сынып, сіңірі созылып, не буындары орнынан 
тайғанды адамның бейнеті деп айтқанмен, соққының қатты болуына өзіміз 
де кінәліміз. Яғни, құлап бара жатып, жанталасып қолымен жер тіреп 
қалуға тырысамыз. Нәтижесінде, дененің бар салмағы тірек болған қолға 
түседі.
Мамандардың айтуынша, құлаудың үш түрінің зардабы болмайды. Олар – 
ішпен түсу, бір бүйірлеп құлау және арқасымен жығылу. Барлық жағдайда 
сіздің дұрыс шешім қабылдауыңызға небәрі үш секунд қажет. Яғни, қас-
қағым сәтте қол-аяғыңызды жинап, басыңызды қалқалап үлгеруіңіз керек. 
Егер қолыңызда ауыр сөмке болса, лақтырып жіберіңіз. Сіз үшін де, сөмке 
үшін де пайдалы екеніне сосын көзіңіз жетеді. Себебі, адамдар құлап бара 
жатып өзінің халін емес, сөмкенің жайын ойлайды. Ақыры құлаған екенсіз, 
онда орныңыздан тез тұрып кетпей, ауыр жарақат алмағаныңызға көзіңізді 
жеткізіңіз. Жедел жәрдем шақыртып, дәрігер көмегіне жүгініңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет