...Кенет шабуылдап келе жатқан тізбектің алдынан бір тұлға оқшауланып шыға келген. Гитлершілер ер жүрек жауынгерді байқап қалып, оған пулеметтен оқ жаудырды. Жауынгер оқ нөсердің толастаған сәтін бағып, сәл бұғып отырып қалды. Толастай бастаған сәтте ұшып тұрды да “Отан үшін” – деп айқай салып, бүкіл батальонды соңынан ерте алға ұмтылды.
Қиян – кескі шайқастан кейін біздің жауынгерлер биіктікті тартып алды. Бағанағы батыл жан бір сәтке транешеяда кідіріп қалған. Оның құп – қу өңінен жарасының жанына батып тұрғаны көрініп тұр. Ал, басындағы құлақшынынан қою қара шашы дударланып шығып кеткен. Бұл ерекше ерлігімен көзге түскен Әлия Молдағұлова еді. Ол осы шайқаста он фашисттің көзін жойды. Жарасы жеңіл екен, тез жазылып кетті. Сондықтан да саптан кетпеді.
Жау айрылып қалған жерін қайтып алмаққа қайта – қайта қайратты шабуылдар жасай берді. 1944 жылы,14 қаңтарда жау солдаттарының үлкен бір тобы біздің траншеяларға өтуге мүмкіндік алды. Қолма – қол кескілес шайқастар басталды. Әлия автоматпен дәлдеп атып сұм фашисттерді құлатумен болды. Кенет ол артынан келген қауіпті сезіп қалды. Жалт бұрылып еді, үлгере алмады. Неміс офицері бұрынырақ атып үлгерді.
Міне, қазақ тарихында өзінің орынын ойып тұрып қалдырған қайран қазақ қызы бұл дүниеден өзіне еш нәрсе алмай қоштасып кете барды…
Достарыңызбен бөлісу: |