(Т) Дәптермен жұмыс. Тапсырма: Табиғатты қорғауға арналған «Табиғат тазалықшылары» тақырыбында 4 слайдтан тұратын презентацияны жоспарлаңдар. Презентацияны жоспарлауда төмендегілерге назар аударыңдар:
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. Табиғатты қорғауға арналған «Табиғат тазалықшылары» тақырыбында 4 слайдтан тұратын презентацияны жоспарлайды.
-Презентация жоспарын талап етілген нұсқау бойынша жасайды.
Рефлексия: (Ұ) «Бес саусақ» әдісі 1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.
Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау:Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.