4. Мектеп басшыларының қызметі
Оқу орнын басқаруды директор және оның орынбасарлары іске асырады, ал олардың функциональдық міндеттерін, тағайындау немесе сайлау тәртібін жалпы білім беретін мектеп жарғысы анықтайды. Оқу-тәрбие процесін басқаруды ең алдымен педагогикалық жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, өзін мұғалімдік қызметте көрсете алған және қажетті ұйымдастырушылық қабілеті бар мектеп директоры атқарады. Мектеп директорының функциональдық міндеттері ''Жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орындары туралы уақытша ережесінен" және соның негізінде жасалатын әрбір жалпы білім беретін оқу орнының өз жарғысымен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |