Сабақтың тақырыбы: Білім жүйесін басқару
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы: ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілеттілікті және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, негізгі міндеттері:
білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
Функциялары:
орталық аппараттың функциялары:
білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
баланың негізгі құқықтарын іске асыру жөніндегі әртүрлі бағдарламаларды әзірлеу;
тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекіту;
білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы жұртшылық пен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;
оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдар дайындау, оларды сараптамадан, байқаудан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекiту;
бiлiм беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етiлген оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегі тізбесін қалыптастыру және бекіту;
педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидаларын бекіту; т.б.