Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының функциясы міндеттерінің аясына балалар шығармашылығының сарайлары, жас натуралистер, жас техниктер станциялары, балалар бірлестіктері мен клубтары сияқты қосымша білім беретін мекемелермен байланыс орнату; сынып жетекшісінің жұмыс мазмұнын жақсарту, оларға әдістемелік көмек көрсету, оқушылардың тұрғылықты мекені бойынша жұмыс жүргізу, БҰҰ Конвенциясының талаптарына сай балалардың қоғамдық ұйымдарына қолдау көрсету сияқты өзекті мәселелер жатады.
Соңғы жылдары жаңа типті мектептер - гимназия, лицей және т.б. мектеп кеңесінің шешімімен жаңа перспективалық бағыттар жөнінде мектеп директорының орынбасары қызметі еңгізілуде. Мысалы, сондай жаңа қызметтің бірі - мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушыларымен, ғылыми орталықтармен байланыс орнатып, оларды мектептегі педагогикалық жұмысқа тартады, мұғалімдердің тәжирибе - экспер-менттік жұмыстарына көмектеседі.
Материалды мына сылка бойынша жүктей аласыз: http://www.vkgk.kz/
Достарыңызбен бөлісу: |