Сабақтың тақырыбы: Білім жүйесін басқару


Мектеп директорының бұл функциональдық міндеттері



бет8/9
Дата06.01.2022
өлшемі24,23 Kb.
#14562
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
19.09.20 Педагогика Тапсырма (1)

Мектеп директорының бұл функциональдық міндеттері мектептің типіне, орналасқан жеріне, мұғалімдер мен оқушылар құрамының ерекшеліктеріне, ата-аналар мен қоғамдық өкілдердің арасында қалыптасқан жұмыс жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты, мектеп жарғысына одан әрі толықтыру енгізуі мүмкін. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы, кәсіптік бағдар, ата-аналармен жұмыс сияқты мәселелер мектеп директорының басты назарында болуы тиіс. Өз компетенциясының негізінде мектеп директоры оқу орнының атынан мүлкін пайдалану жөнінде келісім-шарт түзіп, басқа да әрекеттерді іске асыра алады.

Мектептегі жекелеген жұмыс бағыттары директордың орынбасарына жүктеледі. Олар оқу ісі жөніндегі орынбасар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ғылыми-зерттеу жұмыстар жөніндегі орынбасар, мектеп директорының шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары.



Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының функциясы. Мектеп директорының оқуісі жөніндегі орынбасары педагогикалық процесті ұйымдастыруға, білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандарттарының орындалуына жауапты; оқушылардың білім сапасы мен тәртібін бақылауды іске асырады; оқушылар мен мұғалімдер жұмысын реттеп, сабақ кестесін түзеді; мектептің әдістемелік жұмыстарына басшылық жасап, педагогикалық мәдениетін көтеруді ынталандырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет