Сабақтың тақырыбы: Биотехнологиялық тәсілмен инсулин өндіру


Сәлемдесу (Ұ) Білім мен дағдыларды жаңғырту



бет2/5
Дата01.08.2022
өлшемі31,87 Kb.
#38001
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
3.11-ресуры ҚМЖ Инсулин өндірісі

Сәлемдесу

(Ұ) Білім мен дағдыларды жаңғырту

Жұмыс дәптеріндегі 3.1-тапсырманы (1 және 2) қарастырыңыз. 1-3-слайдтар

Ми шабуылы

Бұл тапсырмалар оқушылардың бактериялардың құрылымын, плазмиданың қызметтерін және бактериялардың өсу-дамуын қаншалықты есте сақтағанын білу үшін қажет. Олар пән ұғымын анықтайды. Бұл тапсырма мұғалімге тек тексеріп қана қоймай, 7 және 8-сыныптарда оқылған материалды еске түсіруге мүмкіндік береді.

Сабаққа кіріспе

Суретті пайдаланып проблемалық сұрақ қою.
Ми шабуылы
(Ұ)


Суретті қарап, сұрақтарға жауап беріңіз.
4-5-слайдтар
(Ұ) Инсулин туралы ақпаратты оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. 6-7-слайдтар
Бұл тапсырмалар оқушыларға сабақтың тақырыбын ашу үшін қажет, сонымен қатар оқушылар талқылау барысында суретті зерттейді, осы арқылы трансгенезис терминін өз бетінше анықтайды, папайялардың неліктен әртүрлі болатынын, инсулиннің адам үшін рөлін, инсулин өндірісінің ауқымын және оның адамзат үшін рөлін анықтайды. Олар негізгі тұжырым – өзгерістер екендігін анықтайды, инсулин өндірісінің «+» артықшылықтары мен «-» кемшіліктері туралы; жаһандық тұжырым – ғылыми-технологиялық инновациялар екендігі туралы айтып бере алады, олар биотехнологиялық тәсілмен инсулин өндіру туралы талқылайды.
Тақырыпты тұжырымдау, сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері және тұжырымдамасы. 8-11-слайдтар
«NX-ойлау компасы» әдісі
Тақтаға төрт компас белгісін салыңыз: оңтүстік, солтүстік, шығыс және батыс. Компастың әр белгісі іс-қимыл жоспары туралы ойлау сипатын білдіреді. Солтүстік белгісінде – сабақтың тақырыбы, Оңтүстік белгісінде – оқу мақсаттары, Батыс – бағалау критерийі және Шығыс белгісінде – ұғымдар. Мұғалім мезгіл-мезгіл компас схемасын бақылап отырады. Бұл жағдайдың қаншалықты жақсы екенін тексерудің жақсы белсенді әдісі. Жұмыстың бұл түрі бастапқы жоспарға пайдалы түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет