Сабақтың ортасы
14 мин
Сабақтың соңы
10 мин
| II Проблемалық оқыту арқылы жаңа білімді қалыптастыру «NX-ойлау» әдісі. «Егер ..., онда ...» «Егер ... , онда ...» тізбегін құру іс-қимыл жоспарының мақсатқа сәйкестігін, орындылығын түсіндіруге көмектеседі. 1. Сызба бойынша барлық іс-әрекеттердің реттілігін жазыңыз. 2. Әр тізбекте іске асырылатын әрекеттерді жазыңыз. 3. Енді қосымша мәлімдемелерді "егер..., онда ..." деп жазыңыз, неге мұндай әрекет болжанған нәтижеге әкелетінін көрсететін кішігірім логикалық қадамдарды қарастырыңыз. 4. Қажет болса, "егер..., онда ..." байланысын қосыңыз. 5. Бұл әдіс өзгерісті табысты жүзеге асыру үшін қажет барлық логикалық қателіктер туралы ойлануға түрткі болады. 6. Бұл бағытта туындауы мүмкін кез келген ұсыныстарды қарастырыңыз. Сіздің ұсыныстарыңыздың дұрыстығын тексеру үшін сізге қосымша зерттеу қажет болуы мүмкін.
(F) Жеке жұмыс
Инсулин өндірісінің мысалын пайдалана отырып, сызбаны қарастырып, биотехнологиялық процесті сипаттаңыз. 12-13-слайдтар
Оқушылар:
1. сызбаны қарастырады және оқиды;
2. биотехнологиялық тәсілмен инсулин өндірудің жүйелі реттілігін дұрыс сипаттайды.
(Ұ) Суреттерді қарастырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
14-15-слайдтар
Бұл тапсырмалар оқушыларға сабақтың тақырыбын ашады, оқушылар биотехнологиялық әдіспен инсулин алу өндірісін өз беттерінше зерттейді. Ұсынылған үлгі суреттер бойынша инсулин өндірісіне қатысатын ферменттерді анықтайды.
Оқушылар жаңа ДНҚ, яғни рекомбинантты ДНҚ инсулин өндіретін бөгде генді тасымалдайтынын түсінуі керек, бұл нәтиже (негізгі құзыреттілік) болып табылады.
|