Барлық оқушылар біледі: бактериялардың құрылымы, плазмиданың қызметі, бактериялардың өсуі мен дамуы
Оқушылардың басым бөлігі біледі: инсулин өндірісі мысалында биотехнологиялық процесті сипаттай алады
Кейбір оқушылар орындай алады:инсулин өндіру биотехнологияның қай саласына қатысты екендігі туралы дәлелдер келтіреді.
Бағалаудың қолданылу кезеңдері:
сабақтың басында бұрын оқылған материал бойынша білімді жаңғырту кезінде.
Сабақтың тақырыбын ашу барысында: суретті зерделейді және трансгенез терминінің мағынасын анықтайды.
(Ұ) Сабақтың негізгі бөлігіндегі жеке жұмыс өзін-өзі бағалау арқылы бағаланады.
Бекіту кезеңіндегі жұптық жұмыс өзара бағалау арқылы бағаланады, онда әр жұп кезекпен өз дәлелдерін оқиды, ал келесі екі жұп келіседі немесе дәлелдемелерді жоққа шығарады.
Сабақтағы денсаулық сақтау технологиялары: сыныптастарымен қарым-қатынас процесінде (топтық және жұптық жұмыс) бала үшін эмоционалдық қолайлы мен жағымды психологиялық ахуалды қамтамасыз ету
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаты немесе оқу мақсаттары нақты және қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті ме? Егер оқушылар әлі мақсатқа жетпесе, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдері барысында уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Оқушылардың өздері инсулин өндірісін биотехнологиялық әдіспен зерттеді, өйткені сабақтың басынан аяғына дейін барлығы жоспарланған. Оқушылардың бактериялардың құрылысын, плазмиданың функцияларын, бактериялардың өсуі мен дамуын еске түсіруіне арналған қайталау сұрақтары жаңа материалды үйренуге көмектеседі, осы арқылы оқушылар сабақтың пәндік тұжырымын анықтайды. Осыдан кейін оқушылар трансгенез терминін анықтау үшін сызбаны зерттейді, талдайды және салыстырады, инсулин өнеркәсіптік масштабта алынған алғашқы дәрілік рекомбинантты препарат екенін түсінеді. Оқушылар пәндік білімнің (тұжырымның) өзгерістерге, салдарға қалай ауысатынын және ғылыми-техникалық инновацияларды (негізгі және жаһандық тұжырымдар) қалай көрсететінін түсінеді. Суретті зерделеу сабақтың тақырыбын ашады, өйткені бұл инсулин туралы және оны биотехнологиялық жолмен қалай алуға болатыны туралы түсінік береді. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, өлшемі мен тұжырымдамасын анықтау үшін NX-ойлау компасы әдісін қолдануды ұсынамыз. Бұл оқытудың қалай жүзеге асырылып жатқанын тексерудің өте жақсы белсенді әдісі болып табылады. Сонымен қатар бұл сабақтың бастапқы жоспарына қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Оқушылар үшін жаңа материалды игеру қиын болмайды, өйткені сабақтың бастапқы кезеңінде негіз қаланды. Жаңа білімді дербес қалыптастыру: NX-ойлау әдісінің көмегімен: "егер..., онда...", бұл жерде биотехнологиялық әдіспен инсулин алу тәсілін жай ғана сипаттау емес, сонымен қатар "егер..., онда ..." қосымша тұжырымдарды жазу ұсынылады, өз ойыңызша, мұндай әрекет неге әкелетінін көрсететін шағын логикалық қадамдар қарастырылады, болжамды нәтижеге, яғни өзгеріске ықпал еткен нәтижеге алып келеді (негізгі және жаһандық құзыреттілік). Дербес жұмыстан кейін меңгерген білімді бекіту және зерттеуге қорытынды жасау, өз көзқарастарын дәлелдеу, өз білімін сыныптастарымен бөлісу үшін жұптық жұмыс жүргізіледі.
Қорытынды бағалау Қандай екі нәрсе өте жақсы болды (оқыту мен оқу тұрғысынан)?
1: білім мен дағдыларды жаңғырту (өзектендіру)
2: папайя суретін зерттеу
Сабақта қандай екі нәрсе жақсарта алар еді (оқыту мен оқу тұрғысынан)?
1: жаңа тақырыпты оқытудағы бағалау түрі
2: сабақ бойынша рефлексия
Мен бұл сабақтан келесі сабақты жоспарлау барысында қолдануға болатындай өз сыныбым туралы немесе жекелеген оқушылар туралы не білдім?