Ұйымдас
тыру
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
Бекіту
Кері байланыс
|
Сабаққа дайындық жасау
Психологиялық ахуалды жақсарту
Өткенді пысықтау
Үй тапсырмасы
«Біздің ғажайып түсіміз» оқып мазмұндау
Жаңа тақырып
ФС-тапсырма
Әңгімеле
Суретке қарап, жер бетіндегі бейбіт өмір туралы әңгімелеңдер
Кез келген адамзат үшін, бейбітшілік сөзінің құны жоғары. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз.
Біз бейбіт егеменді елде тұрамыз, бейбітшілігі мен татулығы мол елдің ұрпағымыз. Еліміздің осындай әсем де сұлу дархан даласында өмір сүрудеміз. Осындай бейбіт күнде өмір сүріп жатқаныма ризамын. Туған өлкеміздің тау – тасын, өзен - көлін, қазба байлығын қастерлеп, бағалайық! Мен бейбіт өмірді сүйемін!
Тыңда
«Ақ көгершін» ( әнін жазған – Н.Баймұхамедов, сөзін жазған – А. Жұбанов ) әнін тыңдау және қосылып айту
Автормен танысу
Оразақын Асқар (1935 - 2019) - ақын. Қытайдың Шығыс Түркістан өлкесі Іле аймағы Мүкей Қаратас жерінде дүниеге келген. Ақынның балаларға арнап жазған "Бала болғым келеді","Рәміздерім","Қазақпын","Қорға, қазақ, тіліңді", тағы басқа өлеңдері бар.
Түсініп оқы.
«Жұлдыз тойы»
Юрий ашып ғарышты,
Аймен адам танысты.
Мен ұшамын бетке алып
Ескеқырған, Марсты.
Шолпан, Уран, Сатурн
Іздеп келе жатырмын.
Меркурий, Нептун, Плутон
Қарсы алатын батырмын.
Табылар бір тіршілік,
Көрме іздеп құлшынып.
Сыйға тартам жоқ болса,
Егіп өзім гүл, шыбық.
«Ғарыш қару қоймаға
Айналар», - деп ойлама.
Соғыс емес, жұлдызда
Болады тек той ғана
Оразақын Асқар
Талда
«Табылар бір тіршілк» деген кейіпкердің арманын түсіндіріп беріңдер
«Табылар бір тіршілік» - деген кейіпкердің арманы - ғаламшарларда да тіршілік болса деген оймен айьылған деп ойлаймын
Ақынның бақса ғаламшарға бару туралы арманы орындалуы мүмкін бе?
Ақынның басқа ғаламшарға бару туралы арманы орындалуы мүмкін
Анықта
Мынау заттар – ақын үшін ненің белгісі
Бұл заттар – ақын үшін бейбіт өмірдің белгісі ( шыбық пен гүл )
Бейбітшіліктің белгісі ретінде суретке не қосар едің? Ойыңды жаз.
Бейбітшіліктің белгісі ретінде суретке өзен – көлдің суретін қосар едім. Себебі: тіршіліктің бастауы – су ғой. Сусыз тіршілік жоқ
Сипатта
Кестемен жұмысты орында
Өлеңдегі кейіпкердің арманы қандай?
Эпитет сөзбен сипаттаймын
Теңеу сөзбен сипаттаймын
|