3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалау
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:шығарманы қажетті ақпаратты тауып оқиды, кейіпкердің портретін сипаттай алады.
Көптеген оқушылар: мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтай алады.
Кейбір оқушылар: берілген тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айта алады.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Шаттық шеңбері» әдісі Оқушылар шеңбер жасап тұрып,жылы жүректерді ұстап тұрып бір-біріне деген ыстық лебіздерін білдіреді.
Өткен тақырыпқа шолу және оқу материалын жариялау «Сұрақтар ілмегі» әдісімен жүреді: - Өткен сабақта қандай шығарма оқыдық?
-Шығарманы кім мазмұндайды?
-Өткен тақырыпқа қатысты бір-біріңе сұрақтар қойыңдар, жауап беріңдер.
- Ал бастау деген не?
- Бұқар жыраудың сөзін түсініп оқыңдар және бастау сөзінің мағынасын біліп алыңдар.
1. Көш бастау қиын емес –
Қонатын жерде су болса.
Қол бастау қиын емес –
Шабатын жерде жау болса.
Шаршы топта сөз бастау қиын –
Шешімін таппас дау бар.
- Екінші мағынада Бастау – жерасты суларының жер бетіне шығатын көзі. Оны бұлақ деп те атайды.
-Бастауды көргендерің бар ма?
т аза
тұнық
салқын
-Ендеше, бүгінгі сабақта «Райымбек бастауы» шығармасын оқып, тапсырмалар орындайтын боламыз.
Шеңберде оң жағындағы балаға тілек айтады.
Шығарманы мазмұндайды.
Сұрақтар қойып, жауап береді.
Мақал-мәтелдер айтады, мағынасын түсіндіреді.