Бақылау сұрақтары:
1.Спорттық іріктеудің өлшемдерінің мазмұнын
2.Спорттық дайындылық құрылымын зерттеудегі нақты міндеттер
3. Қабілетті дамытудың жоғарғы деңгейі спортшының қандай ерекшелігіне байланысты?
Пайдаланған әдебиеттер:
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010
№9 Лекция
Сабақтың тақырыбы:Дене сапаларын жетілдірудің физиологиялық механизмдері.
Сабақтың жоспары:
1.Күш сапаларын дамытуды анықтайтын факторлар
2.Шапшаңдықтың айқындалуының арнайылығы
3.Әр спорт түріндегі шапшаңдықты – күшті сапалардың ерекшеліктері.
Әрбір адам туғаннан бастап-ақ белгілі бір қозғалыс мүмкіндіктеріне ие болады, себебі қозғалыс арқылы күнделікті өмірде түрлі қимылдар іске асады. Мысалы, қозғалыс белгілі бір уақыт ішінде бірнеше метрге жүгіре алу, салмақты көтере алу т.б. сандық, сапалық сипаттамасы бар әрқилы қимыл-әрекеттерінен тұрады. Сондай-ақ, ұзақ кашықтыққа жүгіру адам ағзасына әртүрлі салалық талаптар қояды және олар өртүрлі дене қабілеттерінен көрінеді. Дененің қимыл қабілеттері деп - адамның қозғалыс мүмкіндіктерінің әртүрлі қырларын айтамыз.
Күшті адамның дене қасиеті ретінде мынадай белгілер бойынша нақты анықталуы керек:
1. Күш, қозғалыстың механикалық сипаттамасы ретінде, денеге көлем салмағы - күш әсер етеді.
2. Күш адамның қабілеті-қасиеті ретінде, мысалға, "күштің жаспен катар дамуы; спортшылардың күші спортпен айналыспайтындарға қарағанда көп" және т.б.
Егер бірінші мағынасында күшті қозғалыстың басқа да сипаттамаларымен бірге механизмді зерттеу объектісі ретінде көрсетсе, екінші мағынасында физиология, антропология дене тәрбиесі теориясындағы зерттеу пөні ретінде сипатталады.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде күш туралы айта келіп, әдетте Ньютонның екінші заңына, яғни күш дене жылдамдығына пропорционал, [F=m a] деген заңына сүйенеді. Куат күші деп, дененің жылдамдығы жағынан жылдамдатушыға әсер ететін күшті айтады. Инерция күшін бөлу, қарсы әрекетпен қозғалыс күшінің бөлінуі тәрізді шартты мәселе. Қарсы қимын күші дененің ауырлығынан туған кезде, олар жеделдетуге байланысты болмайды, тек салмақпен ғана анықталады [қозғалмай тұрып жүкті ұстау]. Резеңкені немесе эспандерді созған кезде күш жылдамдатуға байланысты болмайды, ең бастысы сол зат тартылған ұзындықпен анықталады. Ең соңында, үйкелуден бір-біріне қарсы әрекеттуған кезде, күштің көлемі жолдың ұзақтығына емес, жылдамдығына тәуелді болады. Қозғалыстардың көпшілігінде ауырлық, инерция, деформация, күшею және итерілу күштері (үйкеліс) бір уақытта іске қосылады. Сондықтан да күштің, қозғалыстың басқа сипаттамасына байланыстылығы (жылдамдық, шашлаңдату жолы) әдетте қиын. Түрдік үлгінің тәуелділігін [F=ma], таза түрінде тек әдейі жасалған лабораториялық жағдайда ғана байқауға болады.
Қандайда бір ұғымды анықтаудың ең жақсы тәсілі - адамның күш мүмкіндіктерінің деңгейін және өлшеу жолдарын көрсету. Оны динамометрмен немесе механикалық өлшеулер арқылы анықтауға болады.
Бұл фактор күштің (қозғалыс қабілеті ретінде) бұлшық еттің жұмысы арқылы белгілі бір көлемін көрсете алу мүмкіндігі болып табылады (механикалық әсер өлшемдері). Мағынасы жагынан дұрыс болса да бұл фаза стилистикалық жағынан "күш" деген сөздің әртүрлі мағынада қолданылуына байланысты бір сөздің мәнін қайталай беру тәрізді көрінеді.
Осылайша, адамның күшін сыртқы қимылдарға қарсы тұра алу кабілеті немесе бұлшық ет күші арқылы қарсы тұруы деп анықтауға болады. Қарсы кңмыл-әрекет жұмысы процесінде, қарсы шығу күші деп - қимылға қарсы бағытталған күшті айтады да, кері шегіну кезінде - қозғалыс үстіндегі қимылды айтады.
Бұлшық еттер мынадай күштерді көрсете алатыны белгілі:
- өз үзындығын өзгертпей (статистикалық, изометрлік тәртіп);
- үзартылған жағдайда (плимометрикалық, жиырылу тәртібі).
Бұл кезендегі күштің ең жоғарғы мөлшерін әр түрлі, жоғарыда келтірілген бөлімдерді күш қабілетінің негізгі түрлерінің жіктелуі деп қабылдауға болады.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінде бұлшық ет күшін - адамның бұлшық ет қысымы арқылы сыртқы қимылға қарсы тұра алу кабілетін тәрбиелеуге көп орын бөліну керек. Бұлшық ет күшінің көрінуі - бұлшық ет аппараттарының іс - әрекетін ретке келтіретін жүйке процесінің дамуы мен жинақталуына байланысты. Жүйке жүйесінің вегетативті бөлігінің қызметін реттеуде, көдденең жолақты бұлшық еттердің физиологиялық жиырылу қабілеттері маңызды қызмет атқарады. Бұлшықеттер өзінің ұзындығын өзгертпей-ақ (статистикалық немесе изометрлік тәртіп), ұзындық қысқарғанда да (жиырылу немесе миометриялық тәртіп), ұзарған кезде де (жазылу немесе плиометрикалық тәртіп) күшті көрсете алады.
Зациорскийдің жіктеулері бойынша күш қабілеттері келесі түрлерге бөлінеді: бойға біткен күштілік (жай қозғалыстағы статистикалық тәртіп), жындамдықтың күштілігі (жылдам қозғалыста көрінетін динамикалық күш). Адамның жылдамдық күш қабілеті, жазылу және жиырылу (амортизациялық күш), сонымен бірге өте аз уақыт ішінде үлкен күш көлемін көрсете алу қабілетінен "жарылу күші" бөлінеді.
Бұлшық ет күштерін тәрбиелеуде маңызды мағынаның болуы - өсіп келе жатқан ағзаңың жан-жақты дамуында, өндірістік еңбекке дайындауда және спорттық шеберлікті көтеруде маңызы зор.
Күш дайындығы мәселелерін зерттеудің өзектілігі спорттық практика сүраныстарынан келіп шығады. Күш дайындығының дұрыс жүйесін жасау арқылы спорттың көп түрінен спорттық нәтижелерді дамыту немесе жетілдіру шешуші факторлар болып саналатынын С.П.Летунов дұрыс атап өткен.
Күш адам ағзасының үйлесімді дамуына көмектесетін фактор екенін көптеген авторлар атап өтеді. Олардың ойынша, күш дайындығы жасуша жүйелері мен тұтас ағзаңың еңбекке жарамдылығын, түлғаның дұрыс қүрылуын және басқа да дене қаеиеттерін қалынтастырады, сондай-ақ, қозғалыстың дұрыс үйлесімділігін жетілдіреді.
Күшті дамыту деңгейі жеткіліксіз болса, мектеп жасындағы балалардың тірек қимыл аппараттары дұрыс дамымай қалады. Бұл дене тәрбиесі және спорттық жаттығулардың міндеттерін дұрыс шешуге кедергі болады.
Барлық бұлшық еттердің үйлесімді дамуын белгілі бір қозғалыс актісімен бұлшық ет күшін көрсете алу қабілетін дамытуымен сәйкестендіре алудың маңызы зор. Бұл кезде мектеп жасындағы балалардың бұлшық ет күші дамуының ерекшелігін ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |