Қан айналым жуйесі. Қанның абсолютті систолалық көлемі өседі. Жүрек соғу жиілігі мен қанның систолалық көлемінің өсуі қанның минуттық көлемінің өсуіне әсер етеді. Жүзу кезіңде жүрек қызметі үшін онды фактор бұлшық еттердің статикалық кернеуінің болмауы болып табылады. Бұлшық еттердің ырғақты жиырылуы жүрекке көктамырдан қанның келуін тездетеді.
Қан жуйесі.Үлкен және субмаксимальді қуаттағы жұмыс кезінде қанда эритроциттер, лейкоциттер, гемоглобин мөлшері және сүт қышқылының
концентрациясы жоғарылайды, сілтілі резерв төмендейді.
Зәр шығару және жу реттеу. Жүзу кезінде тер бөліну болмайды. Жүзушіде зат алмасу өнімдері тек бүйрек арқылы сыртқа шығады. Жұмыс кезінде бүйректің қанмен аз қамтамасыз етілуі және зат алмасу қалдықтарының шығу қажеттілігі бүйрек эпителиінің өткізгіштігін өзгертеді. Соңдықтан жүзушінің зәрінде белок пайда болады. Бүйрек қызметінің өзгерісі организмнің жүзу кезіңдегі өзіне тән реациясының бірі. Бұл реакциялар суық суда жүзген кезде айқын байқалады.
Суық суда жүзушінің ұзақ болуы жылудың жоғалуына және дененің салқындауына соқтырады. Бірақ машықтанған жүзушіде дененің тұрақты температурасын сақтау жақсы жетілген. Сонымен, жүзу денені шынықтырудың нәтижелі құралы болып табылады.
2. Жалпы халықтың арасында конструкторлық және операторлық еңбекпен айналысатын қызметкерлердің саны едәуір өсіп отыр. Айтылған мамандардың көпшілігінің атқаратын кәсібіне байланысты дене мүшелері бұлшық еттерінің қатысуынсыз атқарылады. Денсаулықты бірқалыпты сақтау үшін адамның дене мүшелерінің қозғалысының азаюы дене шынықтыруға кері әсерін тигізеді. Ересек адамдардың дене мүшелерінің жұмысы қалыпты дәрежеде болу үшін олар тәулігіне 1300-1500 ккал энергия жұмсауы керек. Бірақ көпшілік адамдардың тәулігіне жұмсайтын энергиясы көрсетілген мөлшерге жетпейді. Дене қозғалысының жетіспеушілігінің аз мөлшерде болуы адам өміріне белгілі дәрежеде қарсы әсер етеді. Оны гипокинезия (қозғалыстың жетіспеуі) деп атайды. Ол адамның дене құрылысына және атқаратын қызметіне қарсы қызмет етіп, адамның ағзаларына кері әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда жасжеткіншектердің дамуына кері әсер етіп, жасы ұлғайған адамдардың тез қартаюына әкеліп соқтырады. Ал қозғалысы белгілі мөлшерде бақылауға алынған жан – жануарлардың өмірі еркін жүрген жан – жануарлардан қысқа болатыны белгілі.Адам қозғалыссыз өмір сүре алады, бірақ қозғалыссыз өмір сүрудің салдарынан қозғалыс мүшелерінің вегетативтік қызметі нашарлайды. Гипокинезия қозғалыс мүшелеріне қарсы әсер етеді. Егер дене бұлшық еттері аз жұмыс атқаратын болса бұлшық еттердің жиырылуы азаяды, соның салдарынан бұлшық еттің саласы жұқарады. Қорытындысында бұлшық ет өзінің жедел қуатты сапасын жоғалтады. Ересек адамдардың жұмысында бір орында қозғалмай ұзақ отырып жұмыс атқарудың салдарынан сүйек және шеміршек ұлпалары да өзгерістерге ұшырайды. Бұндай жағдай омыртқа тізбелеріне омыртқа бағаналарының бұзылуына әкеліп соқтырады.
Гипокинезия кезінде ми мен сенсорлық жүйенің атқаратын негізгі қызметінде де өзгерістер байқалады. Мұндай жағдай жұмысы қозғалыссыз атқарылатын қызметкерлердің жеке жедел атқарылатын ақпараттар жүйесі сирек кездесетін қызметкерлерде болады. Мамандығы бойынша жедел түрде тиісті шешім қабылдауды қажет ететін операторлар және көлік жүргізушілерде көрсетілген аурулар сирек кездеседі. Көп қозғалыссыз жұмыс атқаратын қызметкерлерде демалыс ағзалары және қан айналысы ағзаларында нашар дамитыны белгілі. Күнделікті өмірде олар сол кемшілікті байқамайды. Адам ағзасында оттекті өте көп пайдаланатын бұлшық еттер болып есептелінеді. Егер олардың көлемі аз мөлшерде болса, онда оттекте аз мөлшерде жұмсалады. Белгілі дәрежеде жаттығудан өтпеген дене мүшелері атқарған жұмыс мөлшерінің аздығына қарамастан оттекті пайдалануының мөлшері көбейіп оттекке сұраныс артады. Демалыс ағзасы және қан айналыс ол сұраныстарды қанағаттандыра алмайды. Айтылған жағдайларға байланысты ағзаларында сүт қышқылы жинақталып соның салдарынан оттегі жетімсіздігі пайда болады. Осындай жетімсіздік жағдайын сезген адам жұмысты тез арада тоқтатқаны жөн.
Денені жақсы шынықтырған адамның шынықпаған адамға қарағанда атқарылған бірдей жұмыс мөлшері кезінде жұмсалынған оттегінің мөлшері аз болып келеді.
Гипокинезия жүрек – қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдар үшін өте қауіпті болады. Кейінгі кезде экономикасы жоғары дәрежеде дамыған елдердің адамдары арасында жүрек – қан тамырлары ауруларна шалдыққан адамдар жиі кездеседі. Бұндай жағдайлар дамыған елдерде жиі ұшырауының негізгі себебі экономикалық жағдайдың жақсы дамуына байланысты көпшілік адамдардың қозғалысы белгілі дәрежеде азаяды.
Гипокинезия жағдайында жүректің соғуы белгілі мөлшерден артық болатындығы байқалады. Дене шынықтырумен айналыспайтын адамдардың жүрегінің көлемі дене шынықтырумен айналысатын спортшылардың жүрегінің көлемінен кіші болады. Мұндай жүрек бұлшық еттердің жұмыс кезіндегі денеге қажетті қан мөлшерін жеткізуі нашар болып, соның салдарынан дене тәрбиесімен нақты айналыспаған адамдар тез шаршайды атқаратын жұмысын шұғыл тоқтатуына тура келеді.
Қозғалысы аз адамдардың жүрегінің атқаратын функционалдық қызметі белгілі мөлшердегіден төмен болады. Мысалы: белгілі мөлшерде атқарылатын жүктеме жұмыс кезінде аз қозғалатын адамдардың бір минутта қолданылатын айналымдағы қанның мөлшері 15-20 литр шамасында болса спортшылардың бір минутта қолданылатын қанның мөлшері 40 литр немесе одан да көп болуы мүмкін. Аз қозғалатын адамдардың жүрегінің жетімсіз дамуының салдарынан тамырлар жүйесінде бірнеше жағымсыз өзгерістер байқалады. Ондай адамдардың тамыр қабырғаларында өзгерістер пайда болады. Олар жүректе және орталық жүйке жүйелерінде пайда болып, қан айналымның нашарлауына, ағзаларды қанмен жабдықтау мөлшерін кемітеді. Артерия қабырғаларының функционалдық өзгеріске ұшырауы қан қысымын жоғарылатады. Бұл организмнің өмір сүру мүмкіндігіне жағымсыз кедергі жасайды. Осындай кедергілер адамның жатқан жерінен тұру кезінде жүректің жиі соғуына әкеліп соқтырады, қан көлемінің азаюына себепші болады. Дене тәрбиесіне бейімделген жаттығуларды орындау арқылы қан қысымын қалпына келтіруге болады. Бұл әдіс гипертония ауруымен емдеу кезінде де қолданылады.Гипокинезия жағдайында ұзақ уақыт болу, ішкі секреция мүшелеріне жағымсыз әсер етеді. Мысалы, бүйрек үсті кортикостеройдтың қосарлануына әсер етіп, оның гиперфункциясын айқын көрсетеді.
3.Балалардың және жасжеткіншектердің шабытын, күшін және төзімділігін дамыту және қалыптастыру бірдеңгейде болмайды. Жүйелі жүргізілетін жаттығулар қозғалыс сапасын жақсы болуын жеделдетеді. Күшті дамыту. Күшті дамытуда үлкен міндетті сүйек және буын жүйесн қалыпқа келтіру атқарады. Балалардың жасы 4-5 ке келгеннен бастап олардың бұлшық еттерінің күшін (изометрлік қуатпен өлшеуге болады) өлшеуге мүмкіндік береді. Оларда буынды бүгу және буынды жазу орта есеппен 5,22 және 4,61кг, бөкседе 6 және 7,9кг, мықында – 8,7 және 14,65кг болады. Жасы толығыңқырап жүйке жүйесінің қалыпқа түсуі, буын құрылысы, химиялық өзгеріс нәтежелеріне байланысты салмағы артып, бұлшық еттің күші қалыптасады. 4-5 тен 20 жас аралығында буын массасы 7,5 -8,5 ретке дейін артып, буынның әр түрлі топтарындағы орташа күші 9-14 ретке дейін көбейеді. Буынның кейбір топтарының күші бір деңгейде бола бермейді. Әр бір жас аралығында буындарғы күштер де әр түрлі деңгейде дамиды. Бөксенің түзеу, мықын , аяқтың бүгу буынында, түзеу буынында, йықта және мойында күш сәл аздау болады. Күштің ең жақсы дамитын кезеңі 13-15 жастан бастап, 16-17 жас аралығында пайда болады. Одан кейінгі жылдары арнаулы дайындығы бар адамдар болмаса, дайындығы жоқ адамдарда күш өте жай қарқын мен дамиды. Осы кезеңдерде акцеллерацияға байланысты кейбір буындарға күш – қуаты ерте дамитындығы байқалып келеді. Негізінен, 12-13 жастардағы жеткіншектердің аяқ буындарының күші ертелеу дамығандығын байқауға болады. Сонымен негізгі күштің өсуіне қарай, қатысты күштердің де өсуін байқауға (күштің 1кг салмақтағы деңгейі) болады. Ең жоғарғы деңгейде күштің өсуі 6-7 жас, және 9-11 жас аралығында, ал бөксе, мықын буындарының күші 13-14 жас аралығында артады.
Қозғаушы аппараттың қалыптасуына, сүйектің ұзына бойына өсуіне белгілі дәрежедегі күш – қуат жүктемесі кедергі жасайды. Сондықтан ауыр атлетикалық спортпен 14 жасқа келгенге дейін айналысуға рұқсат берілмейді.