Ептілікті дененің қасиеті ретінде қандайда бір нақты қозғалыс міндетін орындауға бағытталған туынды қимыл деп атауға болады. Мысалы, барынша жоғары секіру, допты ұстап алу, гирді көтеру, т.б. Мұндай тапсырмалар әр түрлі қиындықтарда болуы мүмкін.
Қозғалыс міндеттерінің күрделілігі көптеген себептермен анықталды. Көбіне бірдей уақытта бірінен соң бірі орындалған қимылдардың сәйкес келуін талап етеді [қимылдардың үйлесімділігі және талаптылығы], яғни қозғалыс қимылдарының үйлесімдік күрделілігі ептіліктің бірінші өлшеуіші болып табылады.
Егер қозғалыс өзінің кеңістік, уақыт және күш сипаттамасына орай оған сай келетін болса, яғни ол дәл орындалса, қозғалыс міндеті орындалады. Қозғалыстың дәддігі ұғымы мынадай қабілеттерді біріктіреді:
1. Кеңістік дәлдігі.
2. Уақыт дәлдігі.
3. Күш қозғалысының дәлдік сипаттамасы.
Қозғалыстың дәлдігі, яғни оның қозғалыс міндетінің талаптарына сай келу деңгейі ептіліктің екінші өлшеуіші болып табылады.
Қозғалыс дәлдігінің нәтижесі, жоғары үнемділікке жету болып табылады, яғни қозғалыстар бұлшық ет күші мен қуатын өте аз мөлшерде шығындау арқылы жасалады. Сондықтан да ептіліктің өлшеуіші ретінде қозғалыс үнемділігінің қандай да бір көрсеткіші қолданылады.
Ептілікті ғылыми зерттеулерде қозғалыстың дәлдігімен, барынша мұқият зерттеп, қозғалыстың барлық сипаттамасы бойынша жіберілген қателіктердің санын анықтауға тырысады. Дене тәрбиесі процесінде мұндай шектен тыс мұқият болу әрқашан қажет бола бермейді: бұл кезде көбіне қозғалыстың орындау фактісімен ғана шектеледі.
Күнделікті тұрмыста және дене тәрбиесі сабағында кездесетін барлық қозғалыстарды шартты түрде екі топқа бөлуге болады.
- біршама стеротиптік;
- стеротипті емес.
Алғашқы қозғалысқа мысал болып: жеңіл атлетикалық жоддарда жүгіру, спорттық жүріс, лақтыру, секіру және гимнастикалық жаттығулардағы қозғалыс саналады. Екінші топқа: кросс, жекпе-жек және спорттық ойындардағы қозғальютар, т.б. енеді.
Ептіліктің өлшеуіштері:
1. Тапсырманың үйлесімділік күрделілігі.
2. Оның орындалу дәлдігі.
3. Жеке орындалу уақыты немесе дәлдіктің қажетті деңгейін игеруге бөлінген уақыт немесе жағдайдың өзгеру сәтінен жауап қимылы басталғанға дейінгі қабылданған ең аз мөлшердегі уақыт қозғалыстың, жете сипаттамасы алдын-ала белгісіз.
Ептілік - бағалау өлшемі бірдей бола бермейтін күрделі жиынтық қасиеті болып табылады, мысалы, спорттық ойындарда жақсы ептілік танытып, гимнастикада жеткіліксіз болуы мүмкін.
Ептілікті тәрбиелеу, біріншіден, үйлесімділік қозғалыс қимылдарын игере алу қабілетін тәрбиелеуден, екіншіден, қозғалыс әрекетін белгілі бір жағдайдың талаптарына байланысты өзгерте алу қабілетін тәрбмелеуден құралады. Сондай-ақ өз қозғалыстарын кеңістік пен уақытта қабылдай алудың жоғарғы деңгейі маңызды болып табылады ["кеңістікті сезіну", "уақытты сезіну"]. Ептілікті тәрбиелеудің негізгі жолы - әртүрлі жаңа қозғалыс дағдыларын және шеберліктерді қосымша игеру. Ептілікті тәрбиелеудің ең бір қолайлы әдісі - қозғалыс үйлесімділіктеріне түрткі болатын қимылдарды көбейту.